Агенттегі қызға 2

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Жүректі алғансың мекендеп,
Білсең де отырсың білмей шын.
«Сол жүрек сорлап жүр екен» — деп,
Сен неге агентке кірмейсің?!

Мен сенсіз құс екем ұшпайтын,
Миымды мазасыз жеді ой.
Біздерді тым жақын ұстайтын,
Тек қана М-Агент еді ғой.

Бақыт бар болса да азырақ,
Көңілде талпынған тілек көп.
… Отырмын атыңды жазып ап,
Статус қып-қызыл жүрек боп.

Кезің жоқ шығар-ау таң қалған?
Іштегі сырыңды білер кім?
Тағы да тек саған арналған,
Блогтан бір өлең жібердім.

Жә, мені жарайды жат сана,
Сыр тұнған суретің тұнық тым.
… Жазушы ең таң атып жатса да,
Сол кезді қалай тез ұмыттың?

Онлайн болмай-ақ өшелік,
Сезімді үлгірдің ластап шын.
Агентте әдемі дос едік,
Ал қазір сызып та тастапсың.

Бұл дерттің табады кім емін?
Қонбайтын құс едің кей қолға.
Мен оны білемін, білемін
Бір күні кетемін игнорға.

4 пікір

AyKoN
отеееее тамаааашааааааааааааа!
Kan
Махабаттың сезімдеріде осы агент сияқылды араз қол дүние болып кетпесе жарады…
maulen
керемет өлең екен!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.