Сезім Сентябрьі.

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Сентябрь! Тағы да күрең күз келді.
Қайта сезім сыйламайды бізге енді.
Қалды ма деп махаббаттан бір белгі,
Сентябрьден іздеп жүрем іздерді.

Сентябрь! Жамылып тұр тал қайғы.
Себебі олар гүлденіп, бүр жармайды.
Кәрі еменнің күзгі жапырағындай,
Менің жаным сағыныштан сарғайды.

Сентябрь! Болса дағы ызғарлы.
Маған қымбат, маған ыстық күз мәңгі.
Сентябрьдің сыйға тартқан сезімін,
Неге бізден мамыр айы қызғанды…

Жер бетіне алғашқы шық қонғанда,
Сарғаяды жайқалған бақ, орман да.
Сарғаямыз сағыныштан екеуміз.
Әр жылдардың Сентябрьі болғанда…

7 пікір

didi0393
Сентябрьдің сыйға тартқан сезімін,
Неге бізден мамыр айы қызғанды…
ващееее жест!!! кушти! унады!))) мадес!
qyrmyzy
Наурыздың сыйға тартқан сезімін,
Неге бізден сентябрь қызғанды....
©
maulen
Базар жоқ! Қарап тұрсан бұо өлеңнен бәрі емес, көбі өздерін табады!
Jako
Ақын бінәрсе айтқысы келген, бірақ соны жеткізе алмаған сияқты.
Kan
Сентябарь емес қыркүйек. Сен совет үкіметінің ақындарындай шұбатыпсыңғой. Мамыр деп қазақша жазып Сентябрьдың қазақшасын ұмытып қалдың ба. Тіптен қыркүйек сөзі еш ұйқасқа керіғары емес келтіруге болар едіғой.
pana
Сарғаямыз сағыныштан екеуміз.
Әр жылдардың Сентябрьі болғанда…
екеуіңіз де болса, неге сарғаясыздар?? бақытты болсаңыз өлең шығара алмай қалам дейсіз бе?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.