Сыр

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Мен өзіңді теңер едім –
Айдындағы қанат жайған аққуға.
Бақытым боп көгімде бағым болып қалықта
Айдын көл де асқар тау да ай мен күн де жанымды,
Сен болмасаң бөлемейді бақытқа.

Сенің жүзің айдың аппақ,
Күннің көркем сәулесінен жаралған.
Жанарың бар жымыңдаған,
Жұлдыздардан нәр алған.
Мен өзіңді жырға қосып күллі әлемге паш етем,
Сендей жанды іздесемде,
Бұл өмірден таба алман.

Көз алдымда еріндерің,
Қиылған қара қастарың.
Түсін мені – жүрегімнен
Қалай алып тастармын.
Жырақтап менен,
Алысқа ұзап кетсеңде
Бір сен үшін,
Еш өлмейтін
Жазамын жырдың дастанын.

1 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.