Ақын шабыты

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Біреуге мәлім,
Біреуге жұмбақ,
Ақынның жайы.
Ақын деген – тым сыршыл
Тыныштықты қалайды.
Абыр-сабыр ішінде
Шабыт мүлде болмайды.
Жалындаған жырларың
Ондай сәтте тумайды.
Табиғаттың тылсымы
Тұсаулы тұрған шабытың
Маза бермей жаныңа
Асаулардай тулайды.

8 пікір

pana
Akynsyz ba?
marat_adai
қайтейін деп едің?
pana
Suretteudin kanshalykty wynaiy ekenin bilein dep edim
m170785
ақын жүрегі жұмсақ сияқты еді? Қызға бұлай шәлей шәткей жауап қайырғаныңыз қызық болды, Саяма бұлай жауап қайырғаныңыз ұнамады басеке, не кінәсі бар? Ақын болсаңыз ақын шығарсыз, не болмаса ақынсымақ шығарсыз шалалау пісіп жүрген. Бұл жерде тым дөрекі ақынсымақ жоқ еді. Бұл жерде де нар ақындар бар сұрағыңа жылы шырай танытып…
marat_adai
бұл өлеңге қыздың не қатысы бар?
Kan
Шабыт тек тыныштықта ғана келмейді. тыныштық қалап жазатындар олар құрап жазатындар. Ал нағыз шабыт күй талғамайды. Кез келген жерде келеді үлгіріп жазсаң жазасың жазбасаң жоғалтасың
marat_adai
сіздің ойыңызбен келесемін. сіздің айтып отқаныңыз суырып-салма ақындар. жазба ақындар айқай шудың ішінде шабытын тез жоғалтады.
Jako
Қасым Аманжолов, Сырбай Мауленов, Баубек Бұлқышев сияқты аталарымыз соғыстың отына оранып жүріп жазған емес пе деді біраз өлеңдерін, бірақ оларға сол өлең жазар кезінде фашистер тыныштық силай қойды ма екен?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.