Жаураған жүректер

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Өмірдің ең қызықты жылы ол барлық дерлік жақындарың жаныңда болу.Менің ойымша одан асқан бақыт жоқ бұл жалғанда.Сол бақыт құсын қолыңнан ұшырып алмау қажет.Ал, енді бастарынан қиындық, аштық, бәле кетпеген бір жанұя жайлы айтқым келеді…
Отар-өзі бейнеткер, күндіз-туні отбасымды асырасам екен деп дамыл таппай еңбек етіп журген пенде.Отар бала-шағасымен ауылдан бес шақырымдай Көрміс деген жерде орналасқан кіп-кішкентай лашықта тұрады.Бәйбішесі осыдан төрт жыл бұрын болған алапат қыстың суығынан кейін бас көтере алмастан, төсек тартып, сырқаттанып қалған.Үлкені қазір он жетіде.Есімі-Жолдас.Өзі сабырлы, салмақты, осы ауыртпашылықты өз мойнына алып жүрген,әкесіне нәқапа табуда серік болып журген бозбала.Іреңіне қарасаңыз жас жігіт деп айтпассыз тегі.Бейнет не істетпейді адамға.Әбден бет-әлпетін қажаған,әжімдер маңдайына ерте тускен бұл балаға.Екіншісі осы жылы ғана мектеп табалдырығын аттаған Көркем.Өзі ақылды, инабатты, сыпайы, айтқанды бірден қағып алатын қыз.Үйдегі әйел жұмысының барлығын дерлік осы Көркем атқарады.Анасының жанында отырып, суын ішкізіп, тамағын беріп, дәретке шығаратын да осы Көркем.Кейде анасынын жанында отырып қалай таң атқанын да байқамай қалады.Бұл-бұлма… Анасына қарайлай журе, шаңырақтың кенжесі Несібеліге де қарайды.
Несібелінің жасы осы айдың ортасында құдай қаласа, беске толады.Әлі аузынан анасының ақ сүті кеппеген бұл балалар күндерін көруде.Әкесі бугін қолына бір бөлке нанын алып ішке кірді.Түсі суып, түрі бозарып кеткен байғұстың.Көркем дастархан жайып, ыстық тамақты ортаға қойды.Тамақ болғанда қалай.Алдында Отар улкен ағасы Болаттың уйіне соққан.Сонда жеңгесі аянышты келбетімен қарап,қыста сойылған ірі қараның бір соғымын берген болатын.Міне сол соғымның соңғы асымдары Отардың алдында.Тістерін соғыстырып,қайта-қайта шайнаңдап отырған Отардың басында бір-ақ ой, ертең отбасына нан алу үшін, тиын-тебен табу.
Жолдас тунде келетін поездын жугін тусіріп тиын-тебен табады.Бес сағат бойы жук тасиды, сондағы алатыны, бесжуз-жетіжуз сом.Ол тамаққа әзер жетіп жығылады.Уйдегі анасына дәрі-дәрмекте алу қажет, бой жетіп келе жатқан қарындастарына киім-кешек әперу қажет.Әпермесе болмайды.Бұл өмірдің қажеттілігі.Осы туні жұмыста жүрген Жолдас суық хабар есітті.Бұл жаңалыққа тек Жолдас қынжылған жоқ, букіл ауыл естіп аң-таң болды.Ешқашан көзіне жас алып көрмеген Жолдасты жылатқан хабар-ол әкесінің өлімі еді.Кеше ғана аман-есен жур еді ғой деулеріңізде мүмкін.Бірақ ол олай емес еді.Кундіз-түні жөтелуден қолы тимеген Отардың соңғы кезде халі тіпті жаман еді.Сырқатын кімге айтады.Отбасының жағдайы анау, дәрігерге көрінейін десе, олар дәрі-дәрмек жазып береді, оған әрине Отардың қалтасы көтермес еді.Жағдай көзді ашып-жұмғанша осылай болды міне…
Ендігі ауыртпашылықтың барлығы Жолдасқа түсетін болды-ау.Байғұс балам, балапаным енді қайтед екен деп анасы жатыр қайғы жұтып.Жолдас болса бугін өлердей мас.Бәсекесі берген нәқапасына шайтан су алып қызып алыпты бұл жексұрын.Әкесінің өлімін көтере алмай, жаны қан жұтып ішіп жатқаны ғой бұл баланың.Үйдің табалдырығын аттай салып көзі төрде тәтті уйқыда жатқан анасы мен анасының құшағында пысылдап ұйықтап жатқан Несібеліге түсті.Оларды көріп Жолдастың қызарған көзіне тағы жас уймелей бастады.Көркем болса әлі жатпаған екен.Анасының кешегіден қалған іш киімдерімен, Несібелінің далада ойнап журіп бүлдіріп алған жемпірін жуып отыр екен.Ақырын ғана «аға мына киімді сығып берші,әлім жетпей жатыр», деген қарындасының даусына Жолдас іркілместен барып көмек беруде.Кірді далаға жайып келіп,ішке кірсе ағасы кіре берістен әрі қарай аяқ баспай, сол жерде қорылға басыпты.Орнынан қозғалтпайын, жата берсін деген оймен Көркем, ағасының үстіне биттің қабығындай көрпе тәріздіні жаба салды.
Күн көзі шақырайып Жолдасты ұйықтатар емес,ұйықтатпауға себеп бар, жұмысынан қалып барады.Жолдас орнынан атып-тұра сала қарындасы дайындап қойған, бір кесе айранды жапыра салып, жолға шығып кетті.Әшейінде бес сағатқа созылатын жұмысы бүгін ұзаққа созылатын секілді.Бүкіл рейске қатысып, түсірісуге көмек берем деген Жолдастың ойы белгілі.Уйіне көптеу ақша алып, житіндерін сәлде болса көптеу алу.Уақыт зымырап жатыр.Бір кезде букіл салмақты көтере алмаған Жолдастың мұрнынан қан зырғи бастады.Оны байқаған әріптестері жұмысын осы жерден доғару керектігін айтты.Оладың айтқандарын құлағына ілгісі келмеді Жолдастың, бірақ, бойындағы әл-қуаты ракета секілді зырғып таусылуда.Осылайша бір күндік еңбекақысын алған Жолдас үйіне аттанды…
Арада бір-екі айдың уақыты өтті...Әбден қажыған Жолдас бугінгі таңды әзер қарсы алды.Оған себеп, сырқат анасы.Анасы туні-бойы денесі қызып, сандырақтады.Қарындастарын уйықтатқан Жолдас кешегі тунде анасының жанында өткізген.Анасы кішкене ыңқ етсе, Жолдастың бойындағы тер зу ете қалатын.Жұмысқа деген бугін ынтасы қайтып қалған, беттемей тұр тіпті.Іші бір нәрсені сезіп тұрғандай-ақ дерлік.Киініп сыртқа шығып бара жатқан тұсында анасы сәл басын көтеріңкіреп, Жолдасқа іркіле тұруын әзер дауыспен айтты."Қарындастарыңды да шақыр",-деді.
«Апатай, не айтқыңыз келеді,құлағым сізде,қыздарыңызда мұнда»,-деді Жолдас.«Балам енді осы қарындастарыңа бас-көз бол, біз сендерге әкелік, аналық нұрымызды жаудыра алмадық, кешіре гөріңдер, Менің уақытым таяп қалды.Бугін түні маған, тусімде, бейтаныс кісі келіп, бугін сенің соңғы кунің, соңғы рет деміңді алып, жақындарыңмен қоштас деген болатын, міне осыдан кейін,өздеріңе соңғы сөздерімді айтып кеткелі отырмын.Біз әкелерің екеуміз, ана жақта журсек те сендерді сырттай бақылаймыз, соны ұмытпағайсыңдар.Егер сендерге жарытып аналық махаббатымды ұсына алмасам, кешіріңдер мені, менің қолымда болса барлығыңды аяққа тұрғызып,қазір дәл бұндай бейнетті бастан кешірмейтінде ме едік?! Балапандарым, осымен тәмәмдайын,қош болыңдар, аман болыңдар, түзу жолдан аттап, жаңылыспаңдар»,-өзінің соңғы демімен осылай айтты байғұс ана.Мұны естіп отырып аңырай жылап отырған Көркем, енді аналарының жаныдарында болмайтынына әлі де сенбей отырған секілді.Әрине мұндай ауыртпашылық кезек-кезегімен қатарласып келіп тұрса, бала түгіл улкен адамның өзі әзер шыдар.Лупілдеген кішкентай ғана жүректері жарылып кетердей балапандарының.
Сонымен не керек, заман уақытысымен жүре беруде.Биыл қыс бұл далада ерекше болғандай.Қар қалың, жел, ызғар, боран бәрі-бәрі адамның тұла бойынан өтіп бара жатыр.Далаға шықсаң жиырма секунд жәйден-жәй тұру мүмкін емес нәрсе.Амал нешік, бұғанда көнү қажет, көнбеске шара барма?! Жамандық адам-баласына бір жабысса, кене секілді түспейді екен бәлесі.Осы қысты қалай да болса шүкіршілікпен өткізерміз, Алланың бір өзі жәрдем етер деген кішкене ғана оянған үмітімен Жолдас қарындастарымен жападан-жалғыз қалды…
Бұл отбасы қашанға дейін күн көрмек?!Қалай өмір сүрмекші екен?!Қиын-ау,қиын...Құдай біреуге молынан, тіпте асырып беріп жата, біреулеріне көк бақырда бермейтіні ма қалай? Не де болса шара жоқ, осы қиындық азабын көтеру қажет.Күндердің бір күні сарп етіп бақыт қона қалар Жолдасқа.Сол кезде кенелер мол табысқа.Әзірге халдері осылай...Әрі қарай бұл отбасы қалай өмір сүргені маған да, сіздерге де беймәлім жұмбақ болып қала берсін.

Тұрмағанбет Абылайхан.

16 пікір

Jako
Дәл осындай жағдайда өмір сүріп жатқагн қаншама отбасылар бар бұл өмірде, тек бір Алла қуат берсін оларға.«Жетім қозы маңырар, маңырар да отығар»-деген,әлі ақ теңеліп кетер, тек Жолдас шыдамай ішіп кетпесе екен…
ereke_enu
Автор, әңгіме ойдан шығарылған ба? айта қойыңызшы
abylaikhan_orda
осындай ойдан шығарып жазғанды жаным суйеді
ereke_enu
емое, маньяк шығарсың)) Осыған өте ұқсас бір жігіттің тарихын білуші едім. Қазір, құдайға шүкір, жағдайы өте жақсы десе болады.
abylaikhan_orda
ахахаха жұрт мені маньякка тенеп кетті гой) ааа жағдайы жақсы болып кетсе жарапты
ereke_enu
Аяқ астынан әкесін өлтірдің, одан анасын құрттың. Мұрнынан қан аққыздың. Ол аздай үйлері лашық, ауылдан 5 шақырымда, қақаған аяз орнатып қойдың. Енді маньяк демей)))
abylaikhan_orda
жамандықты шыр айналдырып жіберіппін ғой)
ereke_enu
Асықпай қинап өлтіргенді жақсы көреді екенсің да)))
khairbek
бырат сенде ерінбесін мынаны жазып алде быр жерден капирабат етып алдынба?
abylaikhan_orda
ой бырат,қайдағыны айтпа, ондайым жоқ,өзім ғой жазған өзім… шын сөзім
khairbek
верю верю я же не Станиславский
ereke_enu
Посттың жазылуына емес, оқиғаға жыным минустағым кеп кетті)
Kan
Ойдан шыгарылсада әсерли екен. Бірак егер біздің қоғамда бұндай болмаса осындай ойда тумас едіғой. Ендеше құрастырған ойдың астында шыңғырған шындық жатыр
abylaikhan_orda
Сойлей-сойлей шешен болады адам баласы, осындай ойлар саган отірік маган шын, аяк астынан сарп ете туседі, бұл менің шындығым емес, бірак мұндай жанұялар бар екеніне дәмелім зор, сол ушін мұндай оқиғалар алдағы уакытта та туа береді
didi0393
ну ты даешь, сценарист...! по тебе "Қазақфильм " плачет))) вощета дәл осындай отбасылар бар жоқ емес.но все таки жақсы сөз жарым ырыс демекші, жақсы нәрселер жазарсын деген сенімдеміз
abylaikhan_orda
хехе әрине жаман ойым жоқ, мен құрастырған жұниялар жоқ болсын деймін ғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.