Көрші қызға

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Сыр шертпей отыру мүмкін бе?
Жақын боп жаныма келші, қыз.
Біз деген болмашы бір түнге,
Пойызда, купеде көршіміз.

Тағатсыз асықты тез үміт,
Есіме сақтадым күлкіңді.
Шын сезім сиқырын сезініп,
Мен ояу өткізем бұл түнді.

Сырт жаққа кетіп те қаламыз,
Сөз бітіп үндемей қалсақ түк.
Тым жақын бір метр арамыз,
Сезімде жоқ және алшақтық.

Ең соңғы тілдестік рас, қашан?
Сен дағы дәл мендей тұйықсың.
Әдемі әңгіме бастасаң,
Тыңдар ем үн-түнсіз ұйып шын.

Әңгіме тыңдайын десем де,
Сөйлейсің сен орыс тілінде.
Бұл үлкен қатеңді кешем бе?
Тіліңді ұмытсаң бүгінде.

Қара шаш, қоңыр көз «орысым»
Сезімің болса да бұлақтай.
Жат тілде сөйлейсің сол үшін,
Мен сені үлгердім ұнатпай.

Шын мұңға салынып не етеміз?
«Сен» болып қинайды елес құр.
Біз енді жан-жаққа кетеміз,
Махаббат бекеті емес бұл!

Айбар Ермекқалиев

8 пікір

AyKoN
Kalaminiz mukalmasin zamandas! Akin janina tan sattik fawiktiktar bolmasa munday tamawa tuindilar kafaz betine tuspes edi!
maulen
егер шын ұнатсаң, өзің-ақ үйретер едің ғой қазақша және осындай керемет өлеңнің шығуыны себепкер болса!
Kan
Сонымен орыс қызын ұнаттың ба ұнатпадың ба? сосын «метр» сөздің орнына қазақша құлаш дей салсан болады
Jako
Далбаса, тілді бетперде қылушының бірі де…
yesbolat83
Өмірде кездесетін жағдай. Мен де студент кезімде пойызда бір қызға ғашық болғам. Бірақ сен секілді өлең шығара алмаппын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.