Бала тәрбиесі.

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Имансыз жүрген жас бала,
Жамадықты бастайды.
Білседе оны ата-ана,
Алдын алып тоспайды.

Жалаңаштап денесін,
Қазіргі қоғам анасы.
Баланы қалай сөгесің,
Былғанса ана санасы.

Бесіктегі сәбидің,
Берекесін қашырған.
Имансыз ана қай үйдің,
Тіршілігін асырған.

Тәрбиелейтін әке жоқ.
Дүниесін жүр даулап.
Ақша болса, қарын тоқ
Алтын балық жүр аулап.

Қараусыз қалған жеткіншек
Қоғамның жауы айналар.
Кінәлі оған кім десек?
Әр ата-ана ойланар.

Тәрбиессіз өссе жақұтың
Одан кім не ұтады.
Болашақтың бақытын
Имансыз ұрпақ құртады.

Үйренсе балаң құранды
Одан кеміп қалмайды.
Тәрбиелесең қыранды,
Қанаты еш талмайды.

Оқыса балаң намазды
Еш жамандық болмайды.
Боламасада данышпан,
Мас боп маза алмайды.

3 пікір

turarbek_kz
Бүгіннің осы болды батар мұңы,
ИншаАЛЛАХ жақсылықтың атар күні.
Сіздікі дұрыс, ананың жылуы мен
Ұмыт болды әкенің қаталдығы…
Albina97
дал осы видеонын тагы бир нускасын естигем, ал шыгарган туындыныз керемет!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.