Ой түю.

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Жыр жолымды жастығыммен бастадым,

Бастағаным жыр сандықты ашқаным.

Сан сұраққа санам жауап таба алмай,

Сандалып бір сергелдеңнен қашқаным.

Жалын атқан, ұшқын атқан жас жаным,

Құлқыныңнан аса алмадың, аспадың.

Басыма Аллам берген ақ ойларды,

Жүрегімнің түкпіріне тастадым.

Әншейінде арамдыққа қас жаным,

Жеме-жемде енді неге қашпадың.

Жегенімнің адал, арам екенін

Айқындамай, айыра алмай сасқаным.

Ой шатасып, мұңын мұңдап басқаның,

Біле тұра шалыс қадам басқаным.

Біліп-білмей істеген күналармен

Тозаққа мен қанша қадам аттадым.

Өкініштен бармақ тістеп жатқаным,

Еске түсті айналып кеп арттағым.

Құлшылықпен өткен ғажап сәттерді

Қуанумен ойымда әркез сақтадым.

Өміріңнің ұмытып жарқын шақтарын,

Кәпірленіп кешпе күнә батпағын.

Иман етіп Аллаға бұл фәниде

Көңіліңді кіршіксіз қып сақтағын.

Уақытыңды бос күлкіге сатпағын,

Оздырмай уақыт намазды тез бастағын.

Қиуы қашқан у-шу мынау әлемде

Исламнан артық бақыт таппадым.

Тұрғанда кетпей қазанда күйіп қаспағың,

Одан әрі азғындық отын жақпағын.

Лә илаһа иллаллаһ — сөз ұлысы

Қайталашы, сөзімді досым жаттағын.

Жемісі бітіп, құстары қайтып бақтардың,

Бұл өмірде өте шығар қас-қағым.

Қазір күлсең қияметте көрерсің,

Сел болып көз жасыңның аққаның.

Қандай болып кетті бүгін жастарым,

Жөн емес-ау бәріне күйе жаққаным.

Адал аппақ хақ жолында Тәңірдің,

Өтсе екен құрдасым-ау жас шағың.

11 пікір

Kan
Алһамдулла керемет өлең. «Ақын өлең жазса оқыса хаһты танып Ишалла ауыздағы сөз түзелер» Тазабек ағаның айтқанындай. Исламсыз бақыт жоқ. Калима шаһадатты сырт көзге бәрі айтаалатын сияқылды көрінгенімен. шын мәнінде тілі келмей күрмелген талай жасты көрді. күнә жасасақта Алланы ұмытпайық. Субһаналла.
sultan_yerkebulan
Рахмет, ия Исламсыз бақыт жоқ, соны көпшілік болып түсінсек нұр үстіне нұр болар еді.
zhomart
айтаберге қош келдің бауырым!
sultan_yerkebulan
рахмет ағасы
Abylai
Джейктің сюретін қайтаруыңызды сұрайм.
Abylai
өзім де шатасып кете жаздадым
Albina97
керемет олен!!!
yesbolat83
sultan_yerkebulan, сен білесің бе, Аллаһ Тағаланың тек қана шындық пен Исламды жақтайтын ақындарды жақсы көретінін?! Ендеше, бауырым, саған Аллаһым разы боп, екі өмірдің де толықтай бақытын бергей.
maulen
Жарайсың бауырым кремет! барлық жазбаңмен танысып шықтым, тек қана алға. Өнерің өрге жүзсін!
sultan_yerkebulan
Рахмет, Аллаху Тағала разы болсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.