Түңгі мұң

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Ұясына батты, міне, Күн дағы,
Ертең атар жаңа күннің бір таңы.
Салқын самал ағаш басын теңселтіп
Маужырады айналамда Түн тағы.
Түн жамылдым жаныма мен қайтадан,
Жұлдыздар да жымыңдайды мыңдаған.
Мұң мен шерге шомылады ойларым
Қара түнге шақпай қалған ойларын,
Сірә, жоқ қой бұл өмірде бір адам.
Түн құшады менің бүгін мұңымды,
Ақтарамын оған ғана сырымды.
Жұлдыздар да айналама жиналып
Тыңдап жүреді түңгі кеште жырымды.
Жанды дағы, сөнді ғой жұлдыз талай,
Телміріп қарап тұрдым көкке қарай.
Жанарын да толған ай мұңға бөлеп
Моншақтатты сәулесін тоқтай алмай.
Мұң… Баурап алдың өмірімнің түндерін,
Жүрегіме жылу берер кім менің?!
Арыла алмай бір өзіңнен әлі де,
Жүрмін мен де толған айға сыр шертіп,
Ұсталғандай құрығыңа бір сенің.
Бар сырласым-жамылған қара түнім,
Соған шертем бастағы бар шерімді.
Түнді сүйген жұлдыздар да ілесіп,
Көкті құшты толған ай да керімді.
Тағдырымның серігі менің мұның,
Жүрегімнің ұрлайды жалын жырын.
Меніменен мәңгі бірге өте ме?
Түңгі мұным сақтап-ақ талай сырын.
Айналамда толған үнсіз, тыныштық,
Мұндай кезде…
Салқын түн де көрінеді тым ыстық.
Жусан дағы жұпар иісін аңқытып
Құлан иек келе жатыр таң күліп.
Жан серігім жалғыз өзің-жарық ай,
Сенсіз…
Жапырақ жаным жалғызсырап қалғандай.
Бойыма жиналған бар мұңымды
Асықпын, бір өзіңе шағуға тағат таппай.
Асықпын, бір өзіңе шағуға тағат таппай…

3 пікір

Karlen
Жақсы. «Жұлдыздар да айналама жиналып
Тыңдап жүреді түңгі кеште жырымды.» -деген жері жақсы екен.
Kan
«йналамда толған үнсіз, тыныштық,
Мұндай кезде…
Салқын түн де көрінеді тым ыстық.» керемет сөздер. Тек қана алға!!!
Jako
Кан мырза, пікір айтуға қорқып сіэді күтіп отыр едім, бірақ әдіде ± те отырмын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.