Үш жас үлкен қызға

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Мен сені отырдым жобалап,
Жаяды құшағын «кел» деп кім?
Ал көзің әдемі — домалақ,
Мен әлі ондай көз көрмеппін.

Сол көзге калдым ба ғашық боп?
Таныстым сол түнгі клубта.
Сырымды айтсам да ашып көп,
Сұлу қыз түспедің құрыққа.

Жегідей жеп барып жас жанды,
Қалған сөз кап қойды бәрі іште
Ырғақпен баяу ән басталды,
Мен сені шақырдым вальске.

Жымиып сен бердің келісім,
Іске асты арманым көздеген.
Сәл ғана өкініш мен үшін,
Менен соң биледің өзгемен.

Өзгемен биледің десек те,
Әкете алмады бөтен шын.
… Мен сені салып ем есепке,
Үш жастай үлкендеу екенсің.

Жойылған жоқ одан рас, үміт.
(Көңілден керемет күй шалдым)
Және мен жасымды жасырып,
«Біз құрдас екенбіз» дей салдым.

Ештеңе етпейді ештеңе,
Арманым боп қалдың алғашқы.
...Қызықты басталып кеш неге?
Жағымсыз жағдайға жалғасты.

Көңілден көп өлең төктім сан,
Сөз шықпай жүректен жарып шын.
Шығарып салайын деп тұрсам,
Қоштаспай сен кетіп қалыпсың.

Айбар Ермекқалиев

5 пікір

pana
Жойылған жоқ одан рас, үміт.
(Көңілден керемет күй шалдым)
Және мен жасымды жасырып,
«Біз құрдас екенбіз» дей салдым.
әдемі қандай!
Korkem
мынау тамаша ғой, ммм
ereke_enu
Ырғақпен баяу ән басталды,
Мен сені шақырдым вальске.
Вальс клаб???)
sultan_yerkebulan
Жақсы жазылған екен, копшілігіміздің басымыздан өтетін жағдай ғой
maulen
базар жоқ! клуб қыздарынан басқа не күтуге болады?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.