Өзіңді аңсадым...

Еркелеп өбкен таң самалындай,
Бұлбұлдар бірге ән салғанындай,
Мекенін құстар аңсағанындай
Өзіңді аңсадым.

Арманым мені алып ұшқанда,
Көңілде кірбің сабылысқанда,
Елесің келіп тағы құшқанда
Өзіңді аңсадым.

Елестей бердің күндіз де түнде,
Мен үшін орның жұлдызбен бірге.
Аңсатып мені кете де бардың,
Қолыңды бұлғап сұр күз келгенде.

Жанарға шықтай жас толды да,
Санадым сені жат болдыға.
Қалдырып жолда кеткенде мені
Басыңа келіп бақ қонды ма?

14 пікір

Kan
Жанарға шықтай жас толды да,
Санадым сені жат болдыға.
Қалдырып жолда кеткенде мені
Басыңа келіп бақ қонды ма? — осы жолдың мағнасы нақты білінбегенімен, ауырлау емес пе?
VVVWWW
Жанарға шықтай жас толды да,
Санадым сені жат болдыға
Жоқ өте әдемі
yesbolat83
Сәке, сен керемет, талантты ақын болғалы тұрсың ғой. Сәттілік!
AyKoN
Сәке емес, Ереке десеңізші, есімі Еркебұлан ғой
maulen
Бақ қонса бағына бақыт тілейін,
Амал не сені сүйемін.
Тек сыртай ғана аңсап жүрейін,
Өзіңе ғана арқа сүйейін!
maulen
Сен жазған өлеңнен өзімді тауып осылай аяқтауға бел будым, ренжімессін!
sultan_yerkebulan
Неге ренжиін Мәулен,өзің сияқты ақынжанды дос тапқаныма қуаныштымын!
maulen
Рахмет! мен де!
qyrmyzy
Сабақ оқыңдар, сабақ! Әр нәрсенің өз уақыты бар! Қазір оқу керек жатпай тұрмай. Махаббаты несі? А ну ка лекцияға барыңдар!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.