Құран оқып үйренейік

Кел балалар бірігіп!
Құран оқып білейік.
Исламды ұлы жол қылып,
Көңілге бақыт түйейік.

Алланың сөзі қасиет
Ғылымның нұры құранда.
Атадан қалған өсиет
Дәстүрлі дінім сыналма.

Арттыр, иман арыңды
Құранның оқып сүресін.
Ғылым ырғап жаныңды,
Ғажап өмір сүресің.

Білімнің көзі құранда
Кітаптің ол төресі.
Авторы оның бір Алла
Бар ғаламның егесі.

Әр аяты құдірет
Мәнін түсініп оқысаң.
Құранның нұры керемет
Көңілге түйіп тоқысаң.

Білімің кеңіп артады
Ақылдың шығып шыңына.
Рахатқа жаның батады
Төзесің өмір сынына.

Бағыштап құраң атаңа.
Елім деп дұға етерсің.
Алла қалап шынында
Мұратыңа жетерсің.

Кел балалар құранды
Үйренейік, білейік!
Бар ғаламды сүйейік,
Ғажап өмір сүрейік.

15 пікір

Jako
Сені түұсінемін, Ы.Алтинсаринды елге түсіндіргекн шығағарың, қазір сені жейді…
khairbek
жарадын + 50000000
VVVWWW
Келіспеймін, автордың діни білімі жоқ екені көрініп тұр
Мыс:
Ғылым ырғап жаныңды,
Ғажап өмір сүресің
Ол мүлдем мұсылман қағидасына келіспейді ғой…
Күлкінішті мүлдем діннен хабары жоқ екені көрініп тұр
Kan
Мұқағали ақында«Дин-ғылымның анасы» деп жырлаған. Сонда ол кісінікі қате ма еді? Негізгі білім құранда екенін оның арабша мағынасын ұққан адам жақсы түсінеді.
VVVWWW
Исламда "Ғажап өмір сүру" деген түсінік мүлдем жоқ
Kan
нендей далелге сүйеніп пәтуа айтасыз? Құранның нұрына бөленген адам ғажап өмір сүреді.
Manas
Дұрыс айтасыз, риза болдым Кан мырза))
m170785
Енді біз сізді жейміз Канеке ))
VVVWWW
шедеуір емес — шәлдеуір дегім келіп тұр
khairbek
Осы неге сонгы кезде Әрбір посттын астында ұрысып керысып кетемыз? не жетпид? Жер көлемі жағынан 9 орын аламыз а?
AKA
Түүүһ, соны айтамшы :)
Korkem
AKA
кышкене сирезно болайық ©
Korkem
хит болады енД дещ
aikerima
дұрыс айтасыз!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.