Біз неге

Талғамың ерекше дара тым,
Бақыт деп мен білген балдай қыз.
Жас жұптар, ғашықтар баратын,
Біз неге бақтарға бармаймыз?

Өрт сезім осымен өше ме?
Көктемгі құлпырған гүлдей қыз.
Кеш кірсе қалада, көшеде,
Біз неге жұп болып жүрмейміз?

Жұптасқан жастар жүр жүз міне,
Жұбы жоқ жандардан қорқалық.
Жүр кеттік күтіп тұр бізді де,
Күтіп тұр сол «мега орталық».

Отырмыз бұрқасын боп келер,
Шын сезім сиқырын білмей біз.
Жүрекке бір жылы от берер,
Біз неге «киноға» кірмейміз?

Алматы көп жаңбыр төккізді,
Сағыныш таусылды бітіп құр.
«Қай күні келесің» — деп бізді,
Көк-Төбе қол бұлғап күтіп тұр.

Бақыт деп мен білген балдай қыз,
Бақытты күндер бар қаншама.
Біз неге бірігіп бармаймыз?
Баратын жерлер көп болса да.

… Біз неге бұл күнде бөлекпіз?
Бөліндік біз екі жолға да.
Сезімді сырт теуіп себепсіз,
Сен мені сүймедің сол ғана!

Айбар Ермекқалиев

11 пікір

Kan
Сүймейтінін білсең неге сонша жырладың немесежыладың? өлең соншалықты тартымды, сәтті шыққан деп айта алмаймын.
pari
бақтарға бармаймыз?
көшеде жүрмейміз?
«мега орталық».
«киноға» кірмейміз?
Көк-Төбе
Қызбен жүру жер талғамайды. Қос махаббатқа қай жер болсада лайық.
Ak123
соңғы кезде плотны қуатын бопсың ғұә Пари-ау....
Delfina
Сен оны сүйсен неге қарап жүрдін? алдына, артына шығып өзінді ғашық еттіріп қоймадынба?
Delfina
Ғашық етте соның қарамай қой)))уақытша.
maulen
''суйгенди суй, сумегенге жалынба'' дегим келеди.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.