Достар көмектерің қажет...............

Айтаберліктегі достарым. Осы бір өлеңмен облысытық байқауға қатысайын деп едім. Соған алдымен сіздердің пікірлеріңізді тыңдап түзетер жері болса түзетейін деп шештім. Жалпы байқаудың тақырыбы Елбасымыздың «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты мақаласына негізделген. Көмектесіңіздер сын айтыңыздар бірігіп отырып осы өлеңді жөндейік… сіздерден сапалы пікір күтемін

Еңбек

Еңбексіз, ерінген ел болмайды.
Жалқаудың жанарына нұр қонбайды.
Жоқтан бар жасайтын асыл ерлер,
Өз жұртын орта жолда қалдырмайды.

Ісінің ірімшігін іріктейтін
Ібілістің жібіне ілікпейтін.
Осындай батыр тұлға елді бастар,
Қиындықтың, бәрінен шімірікпейтін.

Еңбектің емізгісін ерінге сап.
Ырыстың, ыршып келер бір емін тап.
Жасампаз заманды жаңашала,
Несібенің тұмарын мойынға сап.

Бұл заман еңбектің қолдаушысы.
Еңбекқор адамның қорғаушысы.
Өмірден еңбектің өзегін ем,
Қолыңнан ұшпасын табыс құсы.

Адамзат еңбекпен өсіп-өнген
Еңбексіз ауланбас балық көлден.
Айналдым, тәуелсіз ел шамын жаққан,
Еңбекпен дос болған, асыл ерден

Еңбекші ел болашаққа жол ашады.
Биіктетіп береді аласаны.
Жаппай -тұрмай бәріміз еңбек етсек,
Мәңгі сақтап қаламыз тамашаны.

Тәуелсіз ел, еңбекке ерінбей кел.
Талсада шыдап бақ омыртқа, бел
Ырысыңды ертенге сақтап қойсаң,
Несібенді бөлісер ертеңгі ел.

Бизнис, билік бәріне еңбек керек.
Су құймасаң өлмей ме, алып терек
Еріншек депутат қалай ғана?
Халқының жағдайын жасап бермек

Еңбек жалпы бөлінбейді ақ,қараға
Қоғамға ортақ істің бәрі дара.
Елін сүйіп еңбек еткен тігіншіге,
Ертең-ақ халқы берер үлкен баға

Шынайы еңбектің бейнеті бар.
Бейнеттің артында зейнеті бар.
Еңбекті елі үшін істеген ге.
Жаратқанның өзі болар үнемі жар.

10 пікір

Jako
<code>Жалқаудың жанарына нұр қонбайды.</code>
<code>Ісінің ірімшігін іріктейтін</code>
<code>Еңбексіз ауланбас балық көлден.<code>
<code>Мәңгі сақтап қаламыз тамашаны</code>
<pre class="prettyprint"><code>Қоғамға ортақ істің бәрі дара.</code>
<code>Елін сүйіп еңбек еткен тігіншіге,
Ертең-ақ халқы берер үлкен баға</code>
Бұл жолдар ұйқас үшін алына салған сияқты,әлсіз бе қалай?

<code>Еңбектің <strong>емізгісін</strong> ерінге сап.</code>
Емізігін — дегің келген шығар.

<code>Бұл заман еңбектің қолдаушысы.
Еңбекқор адамның қорғаушысы.</code>
Мынаған болар-болмас еңбек ақымен, біріне тартса біріне жеткізе алмай жүрген қарапайым халық сене қояр ма екен.
Kan
Пікіріңіз өте маңызды екен. Міндетті тұрде сіздің айтқандарыңызды ескеріп өлеңді жөндейтін боламын. РАХМЕТ сізге. Өзге достарым не дейді екен тыңдап көрейік сосын өлеңнің жөнделген нұсқасын қайта жариялайтын боламын.
Jako
Кан мырза, бұл менің өз ойым ғана, еңбектің аты еңбек,іске сәт.
AyKoN
менімше ауыр уйқаспен, салмақты оймен жазу керек сияқты. Додаға түсетін жыр жолдарын көріп тұрғаным жоқ! кешіріңіз, біреуге сын айтуға шебермиз ғой…
Jako
Менде солай ойлап едім,өлең бір адамды мадақтағысы келіп тұрған сияқты…
Kan
келісемін… рахмет
Ais_97
10 шумақтай ұзақ өлең екен, сөз жоқ ұнады! Сәттілік тілеймін!
Kan
Рахмет, рахмет, көп-көп рахмет
Kobelek
Кан мырза,Қазақтың дәстүрлі ұйқастары 11 немесе 7 буындық ұйқасқа құралады.Сіздің мына шумақтарынызда 10,9,12 буындық тармақтарды байқап қалдым.Тағы бір байқағаным,өлең публицистикалық стильде жазылған сияқты, және өлеңнің мадақ, бұйрық, баян сияқты түрлері араласып тұр.
3-ші шумақтың соңғы тармағы(Несібенің тұмарын мойынға сап.) мен соңғы шумақтың соңғы тармағы(Жаратқанның өзі болар үнемі жар.) мағынасы жағынан қарама-қарсы келіп тұр, кім көмектеседі жаратушы ма, тұмар ма???
Kan
Тұмар деген сөзді сенім,құрметтеу деген мағнаға сай қылып алғанмын. Қате болып көрінсе өзгертейін. Пікіріңізге рахмет.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.