Өзіме өзім...

Жақсы да жаман адаммын,
Биікке самғап барамын.
Табысты, бақты, құт болсын,
Жиырмаға басқан қадамым!

Сыйластық артсын қартыма,
Жақсының жетіп парқына.
Тәп-тәтті сезім егесі —
Он тоғыз қалды артымда.

Өсірген гүлдей Задасын,
Қамқоршы болған жанашыр.
Жұмсағын тосқан қызына,
Аман жүр көке-анашым.

Бөліскен бірге тәуірін,
Арқалап жеңіл-ауырын.
Азамат сендер болыңдар,
Қос қанатым — «бауырым».

Ащы да тәтті күн кешкен,
Көңілге еріп үндескен.
Сүйгенге жетпей жүрсемде,
Аулақпын әркез күндестен.

Күрескім келеді беріспей,
Жүрсем ғой деймін керіспей.
Жиырманың ыстық ауаны,
«Қой» дейді маған келіспей.

Жүректің таппай бір емін,
Тұншығып міне келемін.
Көрмейін десем көз ашық,
Сенбейін десем сенемін.

Жүрегім болса кең дала,
Дөңгелек жұмыр Жер ғана.
Бой алдырмай сезімге —
«Келдің ғой» — деймін жиырмаға!

Жиырма, отыз ол мейлі,
Сезімді мынау жеңбейді.
Жүзінші күзді көрсемде,
Жүрекке әмір жүрмейді!!!

5 пікір

Kan
Жарайсың құттықтаймын. Өлеңің әтті шығыпты…
zhomart
20 жасың құтты болсын, жиырманың жиырмасын жаса :-)))))))
zada2292
айтканын келсин!!!
kenesov
Журегiннен сол
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.