Адасқан жол

Алауыртақан көздер, бұл қызды шошытып барады. Неге дейсізбе? Себебі анық қой. Жанындағы жігіті тәріздес бозбала дұрыс емес…
Мен айтқым келетін қыздың есімі — Айнұр. Бұл ару Қызылорда облысы маңындағы шаңырақ саны небәрі жузге әзер жетіп жығылатын Ұлтан ауылынан, қалаға мектеп бітіргеннен кейін, білім іздеп, арман қуалап келген болатын. Ата-анасы осы қызым оқысын, тоқысын, ауылда қалып қоймасын деп жіберген болатын. Әкесі шағын бір кәсіпкердің маңында тракторист болып жұмыс атқарады, анасы ауылға аты шулы Күләш апа.Аты шулы дегенім, той-томалақ, жиын болса осы Күләш апайды ылғи көруге болатын еді. Айтқым келгені- әнші ғой. Қандай әнші десеңізші? Бұлбұл ғой…
Отбасының үлкені де, кенжесі де осы — Айнұр. Ұзақ жыл нәресте сүйсем екен деген қарапайым отбасының арманы әзер орындалған. Айнұр дүниеге келетінін естіген әкесі сол жылдары арақтан басын ала алмай қалған болатын.Оның барлығын әрине саралап жатпаймын.Қанша жылдан кейін балалы боламыз деген жағымды жаңалықтан кейін, қай әке болса да ішпей тұрмас.
Айнұр ерке болып өсті. Айтқан тілді алмайды, ата-анасына қарсы сөйлеуден алдына жан салмайтын.Әкесі: «Мына қызды асыға күткен едім, сондағы күткендегім осы сотқар болғаны ма?!»- деп кейде сілесі қатып күліп те алатын.Өсе келе үй көрмейтін болды. Күндіз мектепте, түні бойы далада, гулянкі, одан қала туған күндер, осылайша, қалай мектеппен қоштасқанын байқамай да қалды-ау бұл қыз.
Ертең қалаға барамыз,құжаттарыңды тапсырамыз оқуға, бүгін ерте жат, деген соң ғана бүгін Айнұр бөлмесіне ерте кірді.Кіруін кіріп алып, таңды атыра алмай таңға дейін көзі бақырайып жатты.Көптен күткен таңы атты.Қалаға барамын деген ауыдық қыздың қуанышында шек жоқ бұл күнде.Шәйін ішіп асықпай, анасы екеуі жолға аттанды. Автобуста тыныш отпай барам дегенше үлкен кісілермен орынға таласқаны бар ма?! Анасы қызының қылығы үшін әр қариядан бір жарым сағат бойы кешірім сұраумен болды. Автобус аялдамасына жетіп қалды.Бірден университетке жол тартамыз ба деп ойлаған Күләш, қызының сөзін тыңдап қала аралауға кетті. -Қалаға күнде келіп жатқан жоқпыз, не бопты, бір қыдырып алайықшы, дегені де болар өзінің. Тоқтамастан төрт сағат бойы аяқтары дамыл таппаған Куләш пен Айнұ бір асханада тускі астарын ішіп алды. Енді барайық, құжатты тез тапсырайық деген оймен екеуі аялдамадан сол оқу орнына баратын газель тәріздес көлікке мінді.Кірер табалдырық алдына келгенде Айнұрдың жүрегі алдыңғысынан тез соға бастады, тіпті бет-жүзі бозарып кетті. Болашақ университеті. Қаладағы беделі бар, еш университеттен қалысы жоқ университеттің бірі.Айнұрдың таңдағаны анасының жолын қуу еді, яғни әнші болу.Апасы әрі-бері бұл мамандықтың өзіне сай емес екенін айтқысы келіп еді, бірақ болмады, Қыз айтқанынан қайтпады.Ақыры қалағанына қол жеткізді.Енді Болашақ университетінің студенті атанды.
Жаздың соңғы күндері болатын. Әрі бері жүріп қайтесің, шаршайсың, оданда бірден осы жаққа үйрене бер, мен өзім кете берейін, — деді Күләш.Апам кетеді, мен қалам, енді әке-шешемді қашан көреді екенмін, сағынатын болдым ау деген ойлар Айнұрдың басына кіріп-шыққан да емес.Бар ойы қазір қыдырысымды қай жерден бастасам болады,қай жердің киімі әдемі,қайда жақсы билеуге болады? Сондағы ата-анасының шаршап-шалдығып таянып тапқан қоржындарындағы соңғы ақшаларына дейін шығарып қызын оқуға түсіріп бергендегі рақметі осы болар.
Арада үш күн өтті. Ертең қыркүйектің бірі. Оқу басталады. Айнұр небәрі айналдырған үш күннің ішінде қаланың тыныс-тіршілігін танып-білді десем жаңылыспаған болармын.Басы айналып, жүрегі жарылатын шығар. Недеген керемет ғимараттар деген аузынан шыққан сөздерге жанындағы аяқ астынан табыла қалған құрбылары сол сөзін қайта-қайта айтып көздерінен жас аққанша күліп алатын.
Бүгін азанымен Болашақтың алды у да шу, қырғын адам.неге десеңіз оқу басталды ғой.Әрқайсысын өз тарабына өз мамандықтары бойынша жіктеп алып кеткенше студенттер оқу орнының алдында тұр. Жиырма минут өткен соң, барлығы апыр-топыр ішке ағыла бастады. Әркім өз аудиториясына қарай. Айнұр группасына кірді. Өзі секілді сегіз бикеш жайғасып алыпты, ұлдар қауымы болса бір-бірімен танысып, сыртқа шығып кеткен көрінеді.Алғашқы күннен ақ Айнұрдың түрі шаршаңқы көрінді. Бір есеп шығарса миына ауыр түсетін адамға ұзақ уақыт оқу ғимаратының ішінде жүру оңай ма. Танысты, білісті, жаңа достар тапты. Әзірге бәрі ойдағыдай. Адам баласының күнделікті жасайтын тіршілігін Айнұр да қайталап жүр. Айналдырған 5-6 күннің ішінде Айнұр оқудан толықтай дерлік жалықты. Азанда ерте тұру, кешкісін сабақ орындау жайында қалды. Кеше ғана танысқан жора- жолдастарының туған күніне баруды шығарды. Ауылдағы тірлігін қалаға толықтай айна қатесіз көшіріп алды.Өмірі мәнді, жүрген жері сәнді адамның бірі — Айнұр.
Жансая есімді бір группада оқитын құрбысы бар еді. Сол қыздың туған күні бұл қыздың өмірін бір жолата алмастырды. Сағатқа қарасаңыз кеш батып келе жатыр. Жан-жақтан ұл-қыздар осы туған күнге ағылып келіп жатыр. Мұнша танысты қайдан тауып алғаны белгісіз. Дастрахан жайылулы, тілектер айтылуда,әнге тоқтамастан барлығы дерлік билеп жатыр. Қабырғаға сүйкеніп, қолын беліне таянып тұрған Айнұрға бойы ұзындау келген, шашы бір жаққа қарай ауғызып таралаған, үстіне әтрді аямай сепкен бозбала келіп бге шақырды. Билеп жүріп бір-бірімен жақын танысудың нәтижесі, кештен кейін ұл қызды шығарып салатын болды уйіне дейін. Түн таяп қалғанда жаңағы бозбала қыздың қолынан алып дедектетіп үйден тысқа алып шықты. Жаяу белгісіз аймаққа алып келе жатыр аңқауды. Қайда бара жатырмыз, менің үйім бұл маңайда емес, деп айтатын қызда жоқ. Сүмеңдеп кетіп бара жатыр әйтеуір. Сөйтсек жаңағы баланың өз ортасы, достары бір үйде құдайдың құтты күні жиналып отыратын көрінеді. Ол жақта не істейді екен деген сұрақ мазалауы мүмкін? Онда олар білгенін істейді.Ит ішпейтін сусындарды тамақтарынан ғұлтылдатып тоқтатар емес өздері. Жанындағы қыздары да қайбір қыз дейсің. Етектеріне кіп-кішкентай шүберекті іле салған, омырауын әркімге жарқыратып, әдептен, көргендіктен әбден безгендер. Қанша қыдырудан қайтпайтын Айнұрдың өзі бұл маңнан шошып кеткені бар ма?! Жаңағы балаға айтып қайтқысы келетінін айтып еді, ол құлағына да ілмеді. Келгеніміз жаңа ғана ғой, қайда асығасың? –жауабы. Амалсыздан отты үн-түнсіз. Айнұр қорыққаны соншалық өзі бөлектеніп басқа бөлмеге кіріп кетті. Ұзақ отты. Достарым отырған шығар деп ұялы телефонындағы жастардың әуесі агентке де кіріп шықты. Барлығынан жалығып кетті. Бір кезде көзінің ішін толы қызыл басқан, түрі бозарған кісі есіктен кірді. Сөйтсе танысқан баласы екен. Кіріп, ұзақ қарап отырып, өз-өзімен сөйлеп күле бастады.Айнұрдың жүрегі дүрсілдеп өзін-өзі тежей алар емес. Айнұрға көзінің бір қиырымен қараған жігіт қалтасынан умаждалған қағаз алды, ішінде бір нәрсенің бары анық… Екі сағаттан кейін жаңағы қалтадағы нәрсенің не екені анықталды ақыр соңында. Ол тартатын шылым секілді адам ағзасына зиянды, күнәға жататын шөп. Ненің не екенін білмейтін бұл қыз жаңағы шөпті қолына алып ойланбастан дәмін көруге бел буды. Оның соңы немен аяқталатынын білмейтін де болар. Біраз уақыт өткен соң Айнұрлың басы айналып ықылығы қатып, күлуді шығарды. Екеуі түні бойы сол шөптің буна мас болып не айтып не қойғандарын білмей қиялиланып жатты.
Арада бір күн өтті, екі күн өтті. Айнұр қарапайым өмірден бас тартқандай. Алдында қолданған затын тағы да пайдаланғысы келіп жүр. Ол нәрсе алдында танысқан, өзіне ұсынған жігітте бары анық. Ендігі жұмысы сол жігітті табу еді. Ол бала жанындағы колледже оқиды екен. Әрең дегенде кураторынан сұранып сол бала оқитын ғимаратқа барып үлгерді.Баруын барды ғой, жігітті таппады. Әрі іздеді- бері іздеді, жер жұтып кеткендей.Енді кайттім, жаңағы нәрсені қолданбасам болмайды, басым қысылып бара жатыр деген құйтырқы ойлар Айнұрдың сана-сезімін арбап бара жатыр. Сол оймен тұрғанында жаңағы жігітті көрді. Қуанғаны сонша көзіне жас үймеледі байғұстың. Бірақ, ол жігіті алдындағы туған күндегі жігітке түкте ұқсамайды, жанынан адам танымас кейіпте өте берді. Артынан жалынып-жапсарынып әзер дегенде тоқтатты. Өтінем тағы да берші, олсыз өмір сүру қызық емес, соңғы рет берші деумен болды. Мен ақымақ емеспін, саған қолыңа бере салатын. Керек па? Сатып ал. Саған тегіннен тегін ешкім мұндай кереметті қолыңа ұстата қоймас. Ұқтыңба? Енді көзіме көрінбей жоғал.Сен мен үшін жәй адамсың, келуші болма мұнда…
Түрі қашқан, өңі әбден бозарған жас қыз ендігі мәселе ақша табу керек деп шешті. Алайда, ақшаны қолына кім ұстата салады екен. Апасы салып жіберген соңғы ақшаны киім-кешегіне жаратып тастағаны қашан?! Қалтасында шыны керек көк тебен қалмаған. Құрбыларынан сұрады, таныстарынан сұрады, ешкімде бермеді. Қайсібірі санап журген бақырын берсін бейтанысқа. Ертеңгі күні анасына қоңырау шалды.Анашыыым менің ақшам бітті өтініш шамалы салып жіберіңізші, әкеме ауыз ашпаңыз. Мақұл ма? Қатты қысылып жатырмын ақшадан…
Анасы бұл жалғызым шыныменде қарны ашып қалған шығар, енді қайттім,қой не де болса салып жіберейін, қатарынан қалмасын, осы қызым тыныш болсын, бұл жолы молдау салайын деп шыр-пыр қарыз іздеумен жүгіріп жүр. Көрші Сәлимаға келді. Әй, көрші маған тез қарызға ақша бере тұр, күйеуім жақында айлығын алар, сол кезде қайтарам ғой. Қалада қызым киім кешекпен, тамағына ақша жеткізе алмай жатқан көрінеді, бере тұр… Берейін, берейін, бірақ менің қазіргі күнім, баяғыдай емес. Байым жұмыссыз, білесің. Уйге саумалы сиыр алам ба деп жүрген ақшам бар еді, сол жиналған ақшаны берейін онда, қазір тұра-тұр деп корші Сәлима сандық тұрған бөлмеге кіріп кетті.
Ертеңіне азанымен Күләш алғашқы ауылдан қалаға қатынайтын автобусқа ақшаны буктелген қағазға орап, кассир балаға табыстады. Күннің көзі ысытып бара жатыр даланы, дәл осы сәтте, ыстықтың астында Айнұр ақшаны күтіп тұр. Түрі деген әбден қажыды. Кундіз күлкі, тунде ұйқыдан айырылған. Қыдыру, киіну деген өзіне қызықты істерді ығыстырып қойған. Ойы тек есірткіде. Көптен күткен автобус келді. Тоқтар-тоқтамастан, Айнұрдың көлікке жүгіргені бар ма?! Есітркі бәлесі адам баласына не істетпейді десеңізші… Былтырдан қалған, пешке жағылмай қалған умаждалған газеттің арасында пора-пора ақша. Сол пораны қолына қысып, алды-артына қарайламастан, жаңағы жігітті іздеуге кетті. Не керек, адамға бір нәрсе қатты қажет болса табады, өзіне керек мақсат қойса міндетті түрде жетеді емес пе? Табуын тапты, қаланың шетіндегі жартылай салынған ғимраттың ішінде достарымен кунделікті тіршілігін жасап отыр. Көздері қызыл мата көрген испан бұқалары секілді. Олардың қоғамына енді міне жаңадан нашақор келіп қосылды. Қош келдің Айнұр…
Оқу жайында қалды. Ол ол ма? Күнделікті адам баласы жоқ дегенде бет-қолын жумайтын ба еді? Ол да жоқ қой. Әбден зияны мол шырмауық бойын умен шырмап алған.Міне осы күнделікті істелетін жайты.Бұдан асқан бақытты жан, сұлу ару, кіршіксіз пенде жоқ есірткі шөппен уланғанда.
Табиғаттың тынысы Айнұрға қарап қалмайды. Әркім өз жұмысымен шауып жур. Арайланып күн туады, даланы көлеңкелеп қараңғы батады, күнделікті осы бір құбылыс…
Екеуі осы бір қараңғы, қорқынышты, тірі жан баспас бөлмеде соңғы күндерімен арпалысып жатыр. Орындарынан тұра алмас халде. Қанша күнгі қолданыс бас көтертпестей бойларына жайылып кеткен. Кенеттен қыздың бойынан бір суық зу еткендей болды, өзі де оны байқады.Денесі суып, ерні кеуіп бара жатыр. Көзіне неше түрлі жын-шайтандар көріне бастады. Өзінен-өзі жылайды кеп, баланың бейнесі мен есірткіден басқа еш нәрсені қанша күн бойы көрмеген Айнұр басқа не көруі мүмкін.Тынысы да тарылып жатыр.Қамшының сабындай өмірі небәрі он сегіз жылға ғана созылды. Ажал жанынан зу-зу өтіп жүр.Сәлден соң жанына еңбектеп жігіт келіп қолын ұстады. Екеуі бір-бірінің қолдарын қатты қысып ұзақ адам түсінбес әнгіме айтуда болды. Кенеттен, ақырын даусымен сызылып отырған жігіттің үні шықпай қалды.Көзі жабулы, Айнұр сәл-сәл басын итеріп көріп еді, мыңқ етпейді тегі. Көз жұмғанын білмей отырғаны ма сонда. Қайта-қайта тұршы деумен болды, бала болса сол қалпы қозғалмастан оттты да қойды.Есін сәл жинаған Айнұр есікке қарай ұмтылып жатыр, бәрақ бойындағы әл-қуаты әбден сарқылған. Ақырын орнынан тұрғандай болды, қайта жерге құлады.Әрі қарай еш қимыл жасамаса да болады, уақыты жетті. Осы уақытқа дейін не істегені, бәрі-бәрі көз алдынан зырғып өтіп жатыр.Неге осыған жол бердім, ата-анамның айтқанын тыңдап, оқуымды оқып, бұл баланы жолықтырмағанымда, дәл осылай ажал кутіп жатпас та ма едім?- деп өз-өзін кінәләғаны бар. Амал жоқ енді, артыңнан еңіреп анаң қалады, обал болды-ау байғұс жанға, әкеңді айтсаңшы Алла-тағаламнан жалынып сұрап алған жалғызым деуші еді, сол жалғызы енді жастайынан жер жамылғалы жатыр. Анашым...Әкешім… кешіріңіздер мені, кінәм кешіріместей болды, қатты өкінем, шынымен де өкінем, мені жазғырмаңыздаршы, сіздерді қатты жақсы көремін...Қооош, қооош… Соңғы сөзі аузынан әзер шықты. Осылайша әкесі мен анасын қимай бұл жас жеткіншек сол қалпында үнсіз кетті…

Нариманның Абылайханы

26 пікір

Korkem
Ойдан шығарылған ба?
abylaikhan_orda
ya ya oidan
Korkem
онда бері қара, балақай! мына шалдыр-шатпағыңды жиыстыр. немене қыздан басқа айтатын әңгімелерің жоқ па? немяғып өз өміріңді жазбайсың, оданда а? сабақ болар? әлі өмірдің бір тамшы қаттылығын көрмей жатып, сонша сабақ айтқан түріңді…
abylaikhan_orda
немене сонша, шындыққа жанасар әңгіме жаздым, сол ма кінәм,қазіргі таңда мұндай қыздар сен болмасаң да көптеп табылады ғой, шындықты шыңғыртып жазғаным айып емес
Korkem
әйбии осы ма шыңғыртып жазғаның? муахахах қуасың. әріп таныған бала да жазады мұны. Бірақ мынауың таза далбаса, қыздың өмірі жайлы жазғың келсе саған қайтадан қыз болып туылу керек. Шындық дейсің тағы ойдан шығардым дейсің, ұялсаңшы муахахах күлкім келеТ
abylaikhan_orda
ойдан шыкканымен мундай кыздар жок па не? аринееее БААААААААААААААР) адамнын кытыгына тимей отырынызшы, жазатын болсаныз жазбайсыз ба аркимди жамандап кекетіп отканша
Korkem
жазбаймын мұндай құсықты! жиіркенем! Адамның тағдыры ойыншық емес. Жазасың ба, ойланып жаз. Одан да сабағыңды оқы! АйЧ неге өзің сияқты жігіттердің өмірін жазбайсың?
abylaikhan_orda
менін омірімді коріп едініз ба??) койыныз болды… канша соз жазуга болады, бірак осымен догарайык, сен тусінігіне просто мән берсикыздар деп шыкпай, ай сендерге тусіндіргенше…
Korkem
түһ, неғылған «жазушысың» өзің?
abylaikhan_orda
бопты бопты) орнымнан тусем, кайта осындай жайттар болмасын деп жазып жатсам сизде бир
pari
оқымадым. Көп әріп. КЕйін оқимын.
Нариманның Абылайханы
сізді тілші ма деп қалдым?!:)))
Әуесбайдың Қанатына ұқсас
abylaikhan_orda
хех ұқсатық бар
pari
Оқып шықтым. Жақсы жазылған. Жүз пайыз осындай жағдай болып жатыр дегенге сенбеймін! Болса бірең-сараң шығар. Мынаны оқып отырып көз алдыма барлығын кино секілді елестетіп отырдым. Ойладым. Шағын триллер ме, бірдеңе түсіріп жіберуге болады екен. Жастарды нашадан аулақ болуды негізге ала отырып шығарса, жақсы болар еді. Бірақ ол үшін, қаражат керек.
Алоне Данс келгелі Айнұр есімі хит болып кетті-ау Қазақстанда.
abylaikhan_orda
соны тусінбей жатыр гой кызымыз, тек ол кыздардын намысын таптадын деген ойда кадалып тур…
Korkem
Ертең ержеткеніңде осында соғып кетші, айналайын-ай
banzaika1990
Жақсы жазба. Артымыздан ерген іні-қарындастарымыз іліп аларлық бір ой бары анық.
Бүгін "Қазақстан" телеарнасынан осы тақырыпта бір бағдарлама болып жатқан еді. Нашақор ана өзінің аянышты өмірі туралы айтып жатты. Бақытты болсын деп баламды да тастап кеттім дейді. Анасы тастап кеткен соң ол бала қайдан бақытты болсын. Өкініш пен күйініштен басқа қолдан келер шара қайсы?!
qyrmyzy
Жазбаны оқиын ба, оқымайын ба?
abylaikhan_orda
бастап корініз енді…
banzaika1990
оқы оқы ерінбей, ертең өкініп қалып жүрме.
осы уақта уже окып та болған шығарсыңң үлгермей жатырм пікірлетіп
Karakulov
Жалпы жақсы десе болады екен. Бірақ әлі де біраз шыңдау керек. Қызылорда деп басталғасын шын болған оқиға екен деп қалсам, уфф… шошыттыңыз ғой))
Yasin
көзімді жүгіртіп шықтым ммммммм шындыққа жанаспайды
біріншіден шеккендері шөп яғни анаша оған ломка болмайды табылмаса денесі тырысып өлімші халге жетпейді егер геройн болса күре тамырдан ұрып жүрсе табылмаса ломка сонда болады шөп тез табылады геройнда тез табылады қазіргі кезде қара базарда көп шөпті арзымайтын ақшағада табасың бауырым криминал әлемі жайлы жазғың келсе өмірден ал ойдан құрама
Kan
Бұндай жаз ба ақындар посына неге жазылған. Еріккеннің еңбегі сияқылды
Jako
Арзанқол кинолардың сценариі сияқты екен.
abylaikhan_orda
Кұрметті жамағат ренжімеңіздер, кешіріңіздер, алдағы уақытта адамды елең еткізетіндей не болмаса адамның сана сезіміне тура жолда жете алатындай әңгімелер жазатын боламын
yesbolat83
Бұл әңгіме маған ұнады. Автордың жастарды нашақорлықтың түбі ауыр өлімге соқтыртатынын ескерткісі келгені айқын байқалады. Меніңше, ол ойы жүзеге асқан сияқты.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.