************

Талғат Мықи деген ақынның шығармашылығын толық оқып шықпасам да, ғаламтор беттері мен достарымнан естіп жүретінмін. Иә, сол түні ана жігіт осы өлеңді жібергенде ғана ақын шығармашылығына деген ынтам пайда болды. Өлеңі ұнады. Сіздер де оқып көріңіздерші…
Ақын едім ашынғаннан жаны мас,
Тегі маған тегін бақыт дарымас.
Рас саған қатты жыным келіп жүр,
Бірақ қатты сүйетінім тағы рас.

Жан секілді жалғандыққа жаны қас,
Ару ма едің өз бақытын танымас.
Рас мүлде сені көргім келмейді,
Ал түсімде көретінім тағы рас.

Мең-зең болып әрі жүрек, әрі бас,
Сүйген пенде сүйіктіге жарымас.
Рас сені ойлағым келмейді,
Бірақ кеше сағынғаным тағы рас.

Арманыңа жетер жолда арып аш,
Жеткен адам нақақ жылап, налымас.
Саған бола қия алмаймын жанымды,
Сенсіз өмір сүрмейтінім тағы рас.

Жанарыңнан кеппей тұрып әлі жас,
Бұл жырымның мазмұны мен мәнін аш.
Бәрі өтірік әр үшінші жолымның,
Ал төртінші жолдарымның бәрі рас.
Талғат Мықи

14 пікір

qyrmyzy
Бірінші курста ма, екіде ма осы жігітті әбден жынды қылған болатынбыз… жақсы жазады
sezim_seli
Жынды қылғаны нес?
zhomart
sezim_seli сені біреуге ұқсата берем :-)) неге???
sezim_seli
Кімге ұқсатасыз? Қызық))
Kan
Нағыз ақын екен.
Jako
Бәрі өтірік әр үшінші жолымның,
Ал төртінші жолдарымның бәрі рас.

Тамаша жазылған,өзіме ұнады.
mairosh
керемет
Бәрі өтірік әр үшінші жолымның, 
Ал төртінші жолдарымның бәрі рас.
жылататындай
VVVWWW
Өзіңіздің өлеңіңіз қайда, өзіңіздің… (көптен жазбай кеттіңіз ғой дегенім ғой)
sezim_seli
Міне, бүгін жаздым пікір білдіріңіздер)) aitaber.kz/blog/poem/3907.html
VVVWWW
Ия осы пікірді жазып жатырғанда (жіберместен бұрын) поштама хат келіп түсті «жаңа жазба пайда болды» деген артынан оқырмын жібергесін деп, қарасам сенің өлеңің. Қызық емес пе, ия
sezim_seli
Қызық қызық))
eerkinuly
Talgat soz jok jigitterdin atinnan jazgandai bolipsin.ouin uwkir eken.keremet
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.