Бір жігіттің дәптерінен...

Қарғыс айтпан қалайша көктеміме,
Жоғалғандай құстар да көктен мүлде.
Шырқыратып шерменде шыбын жанды
Шыныменен, шырайлым, кеткенің бе?

Оралмасқа сен енді шынымен-ақ
Бағытыңды қойдың ба кері бұрап?
Менменшілдеу мінезім түксигенмен,
Жүрек, байғұс, жылайды сені сұрап.

Ой теңізге ойнайды сезім сүңгіп,
Өрлігіңмен барасың төзімді үгіп,
Сені көрсем біртүрлі күй кешемін,
Қарай алмай көзіңе көзім сүңгіп.

Болмас іске қашанда себепші бар,
Өзің деуші ем өрге де демеп шығар.
Сен деп соққан жүрекпен алысқанша,
Алматыдан кеткенім жөн-ақ шығар...

14 пікір

dimash
… керемет, өте керемет! Авторын білгім-ақ келіп тұр. Екінші шумағын оқығарды денем тітіркеніп кетті, себебі жақында ғана өзімде осы жағдай орын алды.
marghan_84
Ия, менде солай ойлаймын, осы өлең жолдарын оқығанда, оны бөліспеске қимадым. Бірақ ол жігіт мұны білмейді. Кешірер деп ойлаймын. Алдыдағы уақытта тағы бір-екі өлеңін жариялаймын.
Kan
Маржан осы өлең саған арналғанау деймін сірә.
Оралмасқа сен енді шынымен-ақ
Бағытыңды қойдың ба кері бұрап?
Менменшілдеу мінезім түксигенмен,
Жүрек, байғұс, жылайды сені сұрап.
Сені сұрап жүр ме екен,қалай?
marghan_84
Егер маған арналған болса, мұндай жігітті жылатпас едім ғой)))
Kan
Керемет ақын шынында да. Саған арнамағаны өкінішті бір жағынан дұрыс
marghan_84
ия, махабаттың баянды болғаны жақсы…
Korkem
+1 айтар сөз жоқ!!!
Qarakerey
Міне, міне, сәтті өлеңдерді де осылай тарих сахнасына шығарып қойып отырыңдаршы, риза болып отырмын!
AKA
Сен деп соққан жүрекпен алысқанша,
Алматыдан кеткенім жөн-ақ шығар...
Мамадес, тойыс һеремет өлең!
Adilgerey
Менменшілдеу мінезім түксигенмен,
Жүрек, байғұс, жылайды сені сұрап.

Әдемі өлең!!!
Jako
Ой теңізге ойнайды сезім сүңгіп,
Өрлігіңмен барасың төзімді үгіп,
Сені көрсем біртүрлі күй кешемін,
Қарай алмай көзіңе көзім сүңгіп.
Қарай алмай көзіңе көзім сүңгіп, бірінші жолда сезім сүңгіп. Осы жері әлсіздеу ма қалай?
sultan_yerkebulan
Қарай алмай көзіңе көзім сүңгіп, бірінші жолда сезім сүңгіп. Осы жері әлсіздеу ма қалай?
Менде солай ойлаймын,қалғандары жақсы шыққан.
marghan_84
Не болса да жүректен шыққаны көрініп тұр, ұйқас таппаған шығар :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.