Өлеңге сыр..

Сырласым, мен-дағы аурумын,
Шиқылы басылмай сезімнің,
Ғашықтық жөтелі меңдеді.
Жел шіркін өбектей тосумен жаулыгын,
Бұлт көшкен терезе көзімнің
Айғызын сүртеді.

Жоқ, достым мен деген дерттімін,
Есепсіз атқарып әр істі,
Біле алмай тіршілік мәнісін.
Дауа жоқ аурудың емі де табылды,
Менікі – тылсым дерт,
Жасалып болмаған дәрісі.

Достым-ай, сен де бір мұңлықсың,
Жылауық жырлардың сүңгітіп ішіне,
Жан таппай сорлайсың көңіліңді түсінер.
Беймаза ойларды мендегі кім ұқсын,
Сөнердей болғасын толтырып ішіме,
(Өлмеші болғасын тоғытып тісіме),
Алдыңа тағы ендім мүскіндеу мүсінмен.

Кешір, ӨЛЕҢ…
21/06/2012ж

12 пікір

VVVWWW
Авторға пікір жазам деп уәде беріп қойып едім, бірақ ешқандай комент бере алмадым, тек қана өлеңді тамсана оқып, ақынның талантын мойындаудан басқа шара жоқ
MSHERIMBEK
Ең алғашқы болып оқу бақыты маған бұйырған осы өлең еді ғой:)))
sezim_seli
Дәл солай, Садық))
Kan
«мүскіндеу» деген қандай сөздік. Мүмкін «міскін» шығар. Яғни бишара деген мағнаға сайатын сөз. Жалпы өлеңнің мағнсыда,үйқасыда ауыр құралған. Бірден елтіп әкете алмайды. Мағнасын түсіну үшін терең үңілу керек екен.
Jako
«Мүскіндеу» — бұл жерде еріксіз, тәуелділік, амалсыздық деген сөздердің синонимі ретінде қарастырсақ бәрі орнына келетін сияқты. Ақын өлең,өнер алдындағы тәуелділігін жақсы теңеу арқылы білдірген деп ойлаймын.
Kan
Жако арине олайда қарауға боладығой. Бірақ «Міскін»деген араб сөзі.Ал «мүскіндеу» деген сөздікті бұрын сонды қазақ сөз қоржынынан кездестірмеппін. Әр сөзге мағына беріп қазақшалай беруге де бола бермейтін шығар. Ақындар өлең жазамындеп негізгі қазақ сөзінін қаймағын бұзбаса екен дегенімғой.
Jako
Ұлы Мұхтар Әуезовтың атақты «Абай жолы» эпопеясында:
-"… Бөжей үйінде тірі жетім ғып әкесі «ит жемеге тастатқан» кішкене мүскін Камшат тағдыры мұның жанын жегідей жейді: аяулы ғашығы ..."-деген жолдар кездеседі, демек қазақ тілінде қолданыста бар сөз болар. Ал енді түп төркіні арабтапрдың «міскін» сөзінен шыққанына таласпаймын.Өзіміздің тілімізге әлдеқашан бейімделіп, сіңісіп кеткен сөздердің түбін қозғап, түрткілей бергеннен қазақ тілі көктей қояр ма екен деген ой ғой менікі,әрі өлеңдемұскін деп жазудың орнына міскін десек не ұтамыз, арабтардың тілін дәріптейміз бе? Онсыз да бар дәстүрімізді, асыл қасиеттерімізді
арабтарға таңғысы келіп жүргендер жеткілікті емес пе мына заманда?
Kan
Дұрыс айтасыз, келісемін.
Jako
Өзіме ұнады жақсы өлең, ақын өзінің жан сырын өлең досына шерту арқылы көпке ақтарып, жан жарасына дәру іздеп отырғандай ма…

Сырласым, мен-дағы аурумын,
Шиқылы басылмай сезімнің,
Ғашықтық жөтелі меңдеді.
Керемет емес пе?
zhomart
Шалыс ұйқас болса да, әдемі теңеу қоя біледі екенсің.
sezim_seli
Баршаңыздың пікірлеріңізге рахмет!
eerkinuly
jaksi jaziklgan olen birak мүскіндеу degen kandai maganada.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.