Бір жігіттің дәптерінен.... 2

Көңілден күй өзіңмен кеткен бе еріп?
Отырғаным, мінекей, өктемделіп.
Сені есіме түсірді, сүйіктім-ау,
Көктем келіп, тағы бір көктем келіп.

Ұмытам деп қаншама өшіксем де,
Ұмыта алар емеспін, кешір сен де.
Көктем сайын жүректі жүдетердей,
Қандай ғана сиқыр бар осы сенде?

Сол көктеммен бұл көктем аралығын
Ойлар болсам жүректен тамады мұң.
Содан бері өтіпті алты көктем,
Мен бүгінде басқамын — жаралымын…

Тереңінай тағдырдың талғамының,
Бір басыма қаншама салғаны мұң.
Сені ойлаудан басқа да тірлігім көп,
Мені аясаң мазамды алма, күнім.

Жел мінезді жеңілтек жан емес ем,
Сый да жасай алмадым саған әсем.
Махаббатым мәңгілік өшпес үшін
Сен әрдайым бола ғой аман — есен.

13 пікір

dimash
тағы да жазайын, өленнің авторын жаза кетсеңіз дұрыс болар еді. Тани ғаламын деп айта алмаймын, сондада осы өленді айтқанда авторы пәленше деп айтқан дұрыс ғой. Өте керемет, бір де бір сөзі артық не кем емес, осы қалпында ұнап тұр!
marghan_84
Шыны керек, атын білмеймін. Бірақ алдағы уақытта анықтап, «Бір жігіттің дәптері...» аясында, авторы жайлы міндетті түрде бір-екі ауыз сөз жазып өтемін :)
AKA
Маммаааааа, сындым!
Махаббатым мәңгілік өшпес үшін
Сен әрдайым бола ғой аман — есен.
Қандай күштіііііііі жігіт, ризамын!
marghan_84
Ха-ха-ха ))))))
AKA
Ух тыы, Сіз бе авторы? Маған өлеңнің авторы жігіт сияқты боп көрінді. :)
marghan_84
Жоқ, авторы мен емеспін. Авторы жігіт. Кім екенін, қандай жігіт екенін біліп, келесі жолы міндетті түрде хабарлап жазамын )))) Күлгенімнің себебі, мен де сіз сияқты сезімде болдым )))
AKA
Бәсе, жігіт қой, нағыз жігіт жазған!
MSHERIMBEK
Қандай мейрімді едіңіз, құдай-ау! Тіпті тани алмай қалдым ғой:)))))))
Автор, қайдасың автор!!! АКА үшін дәл осындай сарындағы 17 өлең жазшы:)))))
AKA
17-нің бәрі сәтті шықпай қалып, автор зынданға айдалып кете ме деп уайымдаймын. :))
marghan_84
Өкінішке орай, қағаз бетіне түскені 4-5. Менің естуімше, ол отырып ауызша шығара салады екен. Жазып үлгергені — үлгерді, үлгермегені — ұмыт болды…
Delfina
"Ұмытам деп қаншама өшіксем де,
Ұмыта алар емеспін, кешір сен де"-
осы ұмытам деген сайын, ғашықтық оты жана түседі емеспе?
konvict
Бұ жігіттің ғашығы көктемде еске түссе, менікі қоңыр күзде жанымды жүдетеді. А так, көктем мен үшін әрқашан шаттық алып келеді.
Adilgerey
Ғашығына деген махаббатын көктем мезгілімен ұштастыра жеткізген ақынды қателеспесем, алғаш оқып тұрмын. Ақындардың көбі күзге ғашық болады ғой… Мына өлең керемет екен… Өте жақсы жазылған
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.