Жігіт мұңы

Мұңдымын мен, кет өтінем, қайғы менің басымнан,
Сұранамын бір өзіңнен табылшы әркез қасымнан.
Шыр айналды жұмыр басым неліктен олай болғаны,
Лайықпын ба әлде мен жылауға ерте балғын жасымнан.

Сен кеткелі қанша қыздар кез келді
Ешбірі бірақ орныңды сенің езбеді.
Алдағаныңды ақылым сезіп тұрса да
Неге екені, неге екені жүрегім әлі сезбеді.

Ойлайсыңба азда болса бірге өткізген түндерді,
Ақтарушы ем жарып шыққан жүрегімнен махаббаттық үндерді.
Өтіп кетті-ау бағым менің түс көргендей мәңгіге,
Жаратушым, өтінемін, қайтаршы сол күндерді.

20 пікір

qyrmyzy
жібермейтіні жаман…
yesbolat83
түсінбедім?
qyrmyzy
Жаратушым, өтінемін, қайтаршы сол күндерді.
yesbolat83
Бұл дегенім-қайта оралмас арманы ғой мұңды жігіттің.
qyrmyzy
сол, өткеннің
жібермейтіні жаман
. Алдағыны өткенмен байланыстырғың келе береді. Сағыну, сарғаю… жігіттер де аңсайды екен ғой:)
yesbolat83
Аңсағанда қандай. Мықты, төзімді келетін жігіттерді де жылатып тұр ғой, бұл тағдыр тәлкегі.
qyrmyzy
Қолыңа қонбайтын құсың болса, ұшыр көкке!
qyrmyzy
айналшықтап кете алмайсың кейбіреулерді, енді біреулер сені айналшықтап кете алмай жүреді…
yesbolat83
әттең, сол айналшықтап жүгендердің ішкі жан дүниесіне тереңірек үңіле білсек кой…
qyrmyzy
айналшықтап жүргендер қызықтырмайды, негізі. Сен айналшақтап жүргендердікі қызықтырақ…
Kan
өлең ұнамады. Мұхтар Шахановтың «Сәтсіздіктің бәрі бақытсыздық емес ендеше» өлеңін оқыңыз. Ұмытпаңыз бұл менің ойым.
yesbolat83
әрине, оны оқығам.
Korkem
Мұңдымын мен, кет өтінем, қайғы менің басымнан,
Сұранамын бір өзіңнен табылшы әркез қасымнан.
түк түсінсем бұйырмасын
mamir
Ешбірі бірақ орныңды сенің езбеді
қалай езу керек, нені езу керек?
yesbolat83
Ешкім сенің орныңды баса алмады деген мағынада жазғым кеп еді.Сол жерінің сәтсіз шыққанын өзім де сезгем. Мүмкін, кеңес қосарсың?
Ayala
ДЫМ РЕНЖІМЕҢІЗ ӨЛЕҢІҢ ДЫМ ҰНАМАДЫ… ҰЙҚАСТА ЖООҚ… СОСЫН БАРҒО ДАРДАЙ ЖГТ БАСЫҢБЕН ЖІГІТ МҰҢЫ ДЕП ЖАЗҒАНЫҢ ТІПТЕН СҰМДЫҚ ЕКЕН… жІГІТ ҚАШАНДА МЫҚТЫ БОЛУ КЕРЕК ЕМЕСПЕ МАХАББАТТЫ МҰҢ ҚЫЛЫП, ТАҒДЫР ТӘЛКЕГІ ДЕП ЕҢІРЕЙТІН БОЛСА, ҚҰДАЙ САҚТАСЫН ҚИЫНШЫЛЫҚТАР БОЛҒАН КЕЗДЕ ОНДА ҚАНДАЙ БОЛАДЫ ЕКЕНСІҢ БҰЛ ТЕК МЕНІМ ОЙЫМ, КІМ НЕДЕСЕДЕ… ЖІГІТ ҚАШАНДА ЖІГІТ СИЯҚТЫ ӨЗІН ТІК ҰСТАУ КЕРЕККО, БҰЛ СЕНІҢ КІШІЛЕРГЕ КӨРСЕТКЕН УЛГІҢБЕ… КЕШІРІП ОЙЫҢЫЗ АРТЫҚ АЙТСААМ.
<code>Ешбірі бірақ орныңды сенің езбеді.</code>
МЫНАУЫҢЫЗДЫ ТІПТЕН ҰЯТ… ЕЗБЕДІ ДЕГЕН СӨЗ
<code>Ешкім сенің орныңды баса алмады деген мағынада жазғым кеп еді</code>
ДЕГЕН СӨЗГЕ СИЯМА?
АЙТАБЕР ДЕГЕСІН...
dimash
Жігіттерде мұң ашумен аралас келеді ғой. кейбір придуроктардың «кулаком в стул» дегеніндей.
Ал автор, меніңше, мұңын ашусыз жазыпты.
maulen
ия, айтылып жаткан сындармен толыктай келисемин, сын тузелмей, мин тузелмейди, буданда асерли олендеринизди кутемиз…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.