Ағаға айтылмаған сыр



Кешірім...

Кешір, кешір,
Ағажан, кешір мені,
Еске түстің Күнімді өшіргелі.
Кешір, сенің алдыңда кінәлімін,
Басқалардан болсам да көш ілгері.



Өлімге себеп

Махаббат-ай,
Жастық-ай алақашпа,
Адам деген байыптап қарамас па?!
Ерегесіп бір ару сүймеді деп,
Ажалыңмен көрістің дар ағашта...

Қу қыздар-ай!

Өз-өзіңе қыз үшін кекті болып,
Дар алдында күйініп, кеттің өліп.
Бірақ...,
Сен түсінген ол болды ма,
Тұрмыс құрды басқаны епті көріп.

Мойындамау

Байлам жасап Мәжнүндер жайында оңай,
Ұқпадым ба мен сенің ойыңды ағай.
Ғашықтар бар, махаббат бар дегенді,
Жүрдім сол кез әйтеуір мойындамай...

Мендегі махаббат

Сырғып күндер көп өтті, сырғып апта,
Түсерімді ойламай бір күні отқа.
Серуендедім бір қызбен қол ұстасып,
Сендер жүрген бір кезгі түнгі бақта.



Аға, енді түсіндім

Жүрген кезде жаңа бір жолға асығып,
Орта жолда сүріндік,
«Арба сынып».
Сонда ғана түсіндім, аға, сені,
Қалғым келді менің де дарға асылып...


«Жанарымның жарқылы» (кітап) ,60-ыншы бет, Алматы «Зерде» 2000 жыл
Авторы: Табылды Досымов


Пы\сы: Суреттер гуглдатылды. Тақырыпшылар ойдан шығарылған.

4 пікір

Kan
Шындыққа толы шыңғырған өлең екн.
Ademi
Таяқтың екі ұшы бар©. Басқаға кетсе, сенің әлсіздігің. Ол қалаған мейірімді бере алмағаның. Ол үшін суицидке барып, ойыбайлап, жылаудың қажеті жоқ.
dimash
Ата-анасына обал, өзгенің шүйкебас қызы үшін өлсін деп бағып-қағып, жеткізбеген шығар.
Суицидте психикалық ауру ғой, өзге аурулардай уақытылы емделмесе асқынып, өліммен тынады.
khairbek
суйдсид деген ақылдын адасқаны,
құрып қойған щайтаннын қақпаны
біреу міреу барп жатса сондай жолға
онда тошно ақылдын алжасқаны
міреу деген Біреудін нағашы әпкесі
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.