Әдемі әйел.

Әдемі әйел
Жаңа жылды жалғыз өзі қарсы алды,
Келмей қойып көптен күткен аңсары.
Көңілдегі көзайымын көрсетпей,
Алдағы жыл алдар екен қанша әлі…

Қашан, қашан қымбаттысы келеді???
Үш жыл күткен үміті еді ол, себебі.
Қырсыққандай құр кетті ме, «жаңа жыл
Жаңа бақыт сыйласа ғой…» – дегені.

Өзіне-өзі өткен жылы әперген,
Патефонның үні естіліп пәтерден.
Ескі үстелдің үстіндегі үш тал гүл
Жатты солып… ((кеше өзі әкелген)).

Көне сурет күлім қаққан төрдегі,
Көре тұра, оған көңіл бөлмеді.
Кенет, үш тал гүлді жұлды бір-бірлеп,
«Сүйеді, жоқ, сүймейді, – деп, – ол мені…»

Жаңа жылды тағы жалғыз қарсы алды,
Биыл дағы былтырғыдай… шаршады!!!
…Бір мас еркек көше кезіп түнімен
Сол әдемі әйел жайлы ән салды… Алмас Темірбай.

27 пікір

aikerima
Алмас Темірбай емес пе?
Jako
Кешіріңіз қате кетіпті түзеттім.
Aikona
Өмірдің әділетсіздігі…
Jako
Иә, бір кем дүние ғой Айкона. Әдемі әйел біреуді аңсап жалғыз отыр, ал сол шақта біреу Әдемі әйелге жете алмай Мәнжүн болып жүр.
khairbek
Өмір әділетсіз емес, адамдар әділетсіз родной
Jako
«родной» муж.родта жазғаныңа қарағанда бұл да маған арналған-ау шамасы. Бірақ мен өмірді әділетсіз демедім, бір кем дұние дедім.
khairbek
жок саған емес жогарыдагы адамга жазган камент
khairbek
өмір әділетсіз деп жазған адамға жаздым
Aikona
кішкене жөндеп жазсаңшы.
Jako
Қай жағын жөндейін?
Aikona
сізге емес Карибекке
Jako
Ааа, түсіндім.
ARDANA
Мен өлең құрылысын түсінбедім?:.....әлде қарабайырлық қажет пе еді? тілім біресе озып, біресе қалыңқырап қойды. Буын ырғағын айтамын… егер мен дұрыс болмасам, кешірім сұраймын…
Karakulov
Өлең жақсы құрастырылған, буыннан еш қате кетпеген, Ардана. Өзіңіз бір қайталап оқып көрсеңізші. Кешірім сұрап қажеті жоқ еді деп ойлаймын.
ARDANA
Мен ақын емеспін. Дегенмен, әр өлең шумағының араларында байланыс болуы керек деп ойлағанмын. Мысалыға:
Өзіне-өзі өткен жылы әперген,
Патефонның үні естіліп пәтерден.(шумақ аяқталмай қалған сияқты. Келесі жолға сұранып тұрған сияқты)
Ескі үстелдің үстіндегі үш тал гүл
Жатты солып… ((кеше өзі әкелген)). Патефонның үнінен соң үстел үстіндегі үш тал гүлге секірдік. Екеуінің арасындағы байланысты сезінбедім. Мен қарапайым оқырман ретінде түсінгенімді жазып отырмын.
Теңеу (эпитет):
Көне сурет күлім қаққан төрдегі,
Көре тұра, оған көңіл бөлмеді.
Қабырғадағы көне сурет. Оны көру басқа да, көңіл бөлу басқа? Содан соң дереу бағанағы көне үстел үстіндегі үш тал гүлді дереу жұла бастайды? Байланысты көріп тұрсыз ба? Әлде, менің теруім дұрыс емес пе? Алғашқы буын басқа ойды. соңғы буын басқа ойға жетелейді?
Жаңа жылды жалғыз өзі қарсы алды,
Келмей қойып көптен күткен аңсары.
Аңсау басқа да, сағыну басқа сияқты менің ойымша. Дегенмен, сыйымдылыққа жарайды. Ал, аңсары ауған деген бір затқа немесе жеріктікке айтылатын теңеу сияқты. Сен бұл өлеңді оқып, бір суретті суреттеген сияқты деген ойға қалдым. Мен өз ойымды, пікірімді білдірдім. Егер ақындар «дұрыс» десе дұрыс шығар. Олар қанша дегенмен де біледі ғой. Алдын ала рахмет.
Jako
"Өзіне-өзі өткен жылы әперген,
Патефонның үні естіліп пәтерден.
Ескі үстелдің үстіндегі үш тал гүл
Жатты солып… ((кеше өзі әкелген))
"-бұл бүтін, бір-бірін толықтырып тұрған өте әсерлі ұйқастар. Ақын Әдемі әйелдің «Осы заттарды өзім алғанша сол(үш жыл күткен адамы)силаса, сол жанымда болғанда»-деген өкініш пе, сағыныш па әйтеуір бір сондай көңіл күйін әсем берген.
«Көне сурет күлім қаққан төрдегі,
Көре тұра, оған көңіл бөлмеді»
— бұл жерде енді Әдемі әйедің емес,сол суреттегі(мүмкін үш жыл күткен жаны да сол болар)бейненің көңілі туралы айтып отыр. Сол көңіл бөлмегеніне күйінгенінен гүлді, кәдігімгі ромашкамен бал ашқандай етіп сүйеді, сүймейді деп жұлып жатқанын айтқаны деп білемін.
«Жаңа жылды жалғыз өзі қарсы алды,
Келмей қойып көптен күткен аңсары»
-бұл жерде түсінбейтін ешнәрсе жоқ, үш жыл бойы күткен адамын, кім де болса бір көрсем деп аңсауы заңды болар деймін.
muktybek
Дұрыс, қайта қарап шығу керек сияқты, Алмасты білмедім, кей ақындар «бір жазғанымды қайта түзетпеймін» деп жатады. Менмше, түзете салғанның еш айыбы да, ұяты да жоқ
Соңғы өңделген уақыты:
didi0393
Allah barimizge keler Jana jyldy suiiktilerimizben karsy aludy jazsyn! Amin!
m170785
Жаке оте тамаша
m170785
созыде оте тамаша
Karakulov
Осындай өлеңдерді оқып рахаттанамын: ішіндегі сезім туралы айтып жатқаным жоқ, сезім атаулы маған оншалықты қызық емес, өлеңнің құрылымын, ұйқас-буындарын ұнаттым.
yesbolat83
Сезімге толы, тамаша жазылған өлең екен.
khairbek
Қалған еді бір топ жігіт жиылып,
Әйел деген өзі кім?
Ақырында кетті әңгіме сұйылып.
Шықты біреу мақтан қылып күнәсін,
Әйелдермен жасап жүрген ойнасын.

Деді былай: "Әйел деген – аңқау халық білсеңіз,
Сене салар бетіне сәл күлсеңіз.
Айта берсең құлағына ертегін,
Ашып берер өзі-ақ саған етегін.
Осылайша мен сияқты бұзығың,
Көріп жүр ғой талай–талай әйел қызығын".

Осы кезде сөзді бұзып бір жігіт,
Күнәһарға ашуменен жүз бұрып.
Деді былай:
«Шектен шықты сөзің тым,
Айтшы, қане, әйел деген өзі кім?

Әйел деген — дәл өзіңдей адам,
Әйел деген — кеше сені мәпелеген анаң.
Әйел деген — намысың мен арың,
Әйел деген — қойныңдағы сүйдім деген жарың.

Бесігінде жатқанда бөпелеген,
Тәй-тәй басса, мәз болып жетелеген.
Әйел деген — қызың ғой еркелеген,
Әйел деген — қызың ғой әке деген.

Әйел деген — қарындас «аға» деген
Бір өзіңді қорғаныш, пана көрген.
Әйел деген — әпкең ғой алдыңдағы
Сен қуансаң, қуанар алтын жаны

Аталғандар — туыстық жақындарың
Дәл осындай қатынаста елдің бәрі.
Жоқ олардың керексіз жаралғаны,
Ойын, күлкі, зинаға арналғаны.

Айтшы енді,
Зинасымен мақтанған қайран ерім,
Сол күнәні жақындарға қалар ма едің?

Қалар ма едің анаңның қор болғанын,
Зинақорға қызыңның қол болғанын.
Қалар ма едің астында өгіздердің
Қарындас пен әпкеңнің егіз езілгенін.

Жүрегінде дерті бар надандардың
Әйеліңнен дәм етіп көз ілгенін.
Қаламасаң өзіңе бұл істерді
Өзге үшін оны да қылмыс деп біл»!
ARDANA
КЕРЕМЕТ!!! РИЗА БОЛДЫМ! ЖАРАЙСЫҢ!
Jako
Қайырбек, тамаша өлең екен,өзіңдіке ме?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.