Бір жігіттің дәптерінен... 3

Күттіріп бейбақ жүректі
Арада неше жыл өтті,
Сезімім билеп сананы,
Сағыныш мені құл етті.

Алданып күзге қалса да,
Сезімге нендей бар шара?
Мөлт еткен көздің жасы боп,
Көктемдер өтті қаншама.

Мезгіл-ай, мезгіл, мезгіл-ай,
Айныдың неге тез бұлай.
Сезім бір патша болғанда,
Болмасын қалай көз құдай.

Қайың-ау, қайың тербелген,
Жаныма жақын кел бермен,
Сырымды достар ұқпаған
Бөліссем деп ем сенімен.

Махаббат мөлдір мәңгі деп,
Түндерде талай қаңғып ек.
Ел есін жинап жатқанда
Елесің жүрді жанды жеп.

Тірліктен таппай келісім,
Сағындым, жаным, сені шын.
Барлығы өтіп кетсе де,
Жер басып жүрмін сен үшін...

3 пікір

Korkem
Махаббат мөлдір мәңгі деп,
Түндерде талай қаңғып ек.
Ел есін жинап жатқанда
Елесің жүрді жанды жеп.
керемет!!! +1
Adilgerey
Барлығы өтіп кетсе де,
Жер басып жүрмін сен үшін…

Керемет өлең… Мына жігіттің өлеңдері керемет екен. Мағыналы сөз, әдемі ұйқас.
Turekhan
Авторы неге сонша сезімге беріліп кеткен?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.