Бір жігіттің дәптерінен... 5

Болсадағы ұғу қиын тіпті,
Жүрегім жүрегіңнен жылу күтті.
Сен арқылы ғашық болып мына өмірге,
Сен арқылы сезіндім сұлулықты.

Төзе алмай кейде тірлік екпініне,
Кеткенде шақтарым бар көк түбіне,
Сен арқылы ғашық бодым өлең-гүлге,
Сен арқылы ақын болып кеттім міне.

Дүние талабына талғам бар ма,
Санасар сайтанмен де пайғамбар да…
Сен арқылы қол созып қиялдарға,
Сен арқылы талпындым армандарға.

Айтқанмен мәңгілікке біргеміз деп,
Жандар аз ба жүрегін жүрген іздеп?
Сен арқылы ғашық болып көктеміме,
Сен арқылы қарадым күзге «күз» деп.

Арманым, алғаш сені аңсағанда,
Жақсы жан жолығар деп жақсы адамға,
Сен арқылы үйреніп сатқындықты,
Үйленіп кеттім сосын басқа жанға.

2 пікір

Korkem
Болсадағы ұғу қиын тіпті,
Жүрегім жүрегіңнен жылу күтті.
Сен арқылы ғашық болып мына өмірге,
Сен арқылы сезіндім сұлулықты.
жатқан шындық-ау…
Арманым, алғаш сені аңсағанда,
Жақсы жан жолығар деп жақсы адамға,
Сен арқылы үйреніп сатқындықты,
Үйленіп кеттім сосын басқа жанға.
өмірдің нағыз өзі +1 Тамаша жазылған… автор жайлы толығырақ білгім келеді…
marghan_84
Соңғы жазбада автор туралы бір-екі ауыз сөз жазылған.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.