Мұқағали Мақатаев - Бірігіңдер әлемнің мұсылманы

Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,
Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?!
Құбылаға бет алып қол қусырып,
Сәждеге жығылатын қайда күнім?
Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,
Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.
Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,
Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін.
Бәрі рас айтқанының Ақ Алламның,
Құмменен топырақтан жаралғанмын.
Құдайдың құлымын мен – мұсылманмын,
Денемде түйірі жоқ арам қанның,
Ақиқатын аңсаймын ақ арманның.
Мекенім ніл дария – меккем менің,
Келеді мәңгілікке мекендегім.
Дариға-ай Зұлпыһарды ерттеп мініп,
Көрмеген мекеніме кетер ме едім!
Семсерін Әзірет Әлі ескек жасап,
Жерорта теңізінен өтер ме едім?!
Қаны аққан қайран менің мұсылманым,
Осы ма екі ортада қысылғаның.
…Бірігіңдер, әлемнің мұсылманы,
Құрбан болсын Құдайың үшін жаның!!!

17 пікір

bok_kotergen_boktin_kabi
дін туралы дым жазуга болмайт дейсіңдер ӨЗДЕРІҢ Құрбанайт тағы басқа тақырыптарды қозғайсындарго сонда дымда деп жатқан жоқпызго?
followme_alik
Кешірерсің, мәселе дінде емес, БқБқ. Посттың мәнсіздігінде.
korwinin_kyzy
дің туралы болгасын постты мәнсіздеп танып отсындарго((
followme_alik
Жоқ)
Дін өз алдына.
Пост өз артына.
Күнделікті оқып та жүрген...«білетін» делік..өлеңді копипастықпен алып «сала салу» қаншалықты еңбекті талап ететініні/ етпейтіні мәлім...
korwinin_kyzy
Артымнан ер Алик деп қазақшасын айтайын,, сен айттын
Кешірерсің, мәселе дінде емес, БқБқ. Посттың мәнсіздігінде.
сонда постты мәнсіз қылып тұрған мына Мұқағали Братаннын дін туралы өлені болып тұргой?? дәәәә? не надо скрывать свое истенное лицо кімнің кім екені анықталды Өнер алды қызыл тіл деген осы ғой
Бұл постты мәнсіз етіп тұрған нәрсе еңбектің жоқтығында болып тұр деп жатыр ол ахи
korwinin_kyzy
болды байлап тасташ қайдағы ахи? не ол кым ол?
korwinin_kyzy
сонда мен Мұқаннын өлендерін енбектерің көшырып жазуым керекпе? КТРЛ+с кнопкасы тұрганда? кышкене ойлансай (БЫҒАТ) ҚАРАСАҚАЛ тілінен бауыр БРАт деп аударылады, кей деректерде АҒА деген нұсқалары кездесып жатады
followme_alik
Көршінің қызы ЛАЛАЛА еді..Әкесі оныыыыыың, жақсы адам.
Түсінігің бар ма, объективті Достым ?...)

___ендігі ретте әлгі «кәкпіріңмен»© бастан бір қоймасаң етті__
korwinin_kyzy
сен сиякты Дпларданн шәршәдім
followme_alik
Байқасаң, на зло қосуладым.Аман бол
korwinin_kyzy
олай берген қосуын құрсын сенын)) давай жить дружно?
followme_alik
Араздық болмаған да сияқты)
korwinin_kyzy
басталмай түрып айтып тастап жатканымго
Kan
Мұқағалидің өлеңі болса бұрынсоңды оқып көрмеппін. Кім жазған??? керемет өлең әрине
korwinin_kyzy
мұқағали жазғанго
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.