Тағдыр


Бұйырмаған бақыттың
Ащы дәмін сезіндім.
Ұшқындаған үміттің,
Жалындаған сезімнің
Жарамасын кәдеге
Бүгін білдім тосыннан.
Жеткізбеген мәреге
«Тағдыр» деген осы ма?..

3 пікір

MSHERIMBEK
Өлең жақсы екен. Тақырыбын қойып жіберсеңіз нұс үстіне нұр, құмшекер үстіне құмшекер болатын еді:)
marghan_84
Сол тақырыпқа басымды қатырып-қатырып, түк таппадым. Оны ертең ойлармын… )))
MSHERIMBEK
Абайдың өлеңге ат қою ізімен «Тағдыр» деген осы ма? деп өлеңнің бір қатарын қоя салса да болады екен:)
dimash
эақсы идея, өлен де мағыналы екен! (негізі өзімнің өлен шығаруға қабілетін болмаған соң барлық өлендерді жоғары бағалаймын)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.