Қыз мұңы

Өмірімнің өзегі боп, өрнектері,
Жанымды жылы сезім, тербеткені,
Ақ арманның жетегінде жүретұғын
Қазақтың бір қызы еді, бойжеткені.
Ақ Жайық, арнасы кең, жар қабақты
Дендердің сағасымен, сырғып ақты
Фариза апам, айтпақшы«тағдыр оны
Бұрымынан ұстап ап, тайғанатты»
Тайғанатты тым ерте табаныңды,
Жасытпады бірақ та талабыңды.
Анасынан айырды, панасынан
Анасындай айта алар кім-қарағымды?!
Кел, Ақ Жайық!
Тарқасып шер, сырласайық,
Болмайды бойжеткендер, жырласа айып.
Махамбет те, мұң айтқан шығар бәлкім,
Көз жасымды қосақтап, мұңдасайық.
Таңғы нұр, табиғаттың тұнығындай,
Талың тұр, сәби күнгі тұлымыңдай
Каспийге сәлемімді айта баршы
Өрілген арқамдағы бұрымымдай.
-Деп, Ару қыз, серт берді бүгін енді
Қайсарлықпен қанық қып дүйім елді,
Тіреу болып әкеме, қолғанат боп
Қамқоршы боп ініме жүрмін енді.
Мектепті тәмамдармын бестікпенен,
Жетем талай мақсатқа бәстікпеген.
Ақын болу, арманым, еді менің
Желкенің өлең-жырдың есіп келем.
Дарыныңды биіктеу дара сана
Көктем көңіл көктер ме қаласа да?..
Қанатына құстардың сырын іліп,
Мұң шағады бір ару Қарашада…

21 пікір

khairbek
konvict
Сыволыш епт, муахаха. Өлдім күлкіден
VVVWWW
Жаман емес, (бұл сайтта енді жетпегені «землячество»-еді деп ойлап қалмаңыздар, шыным) Еңбектенсе мына қыздан бірдеңе шығатын сияқты (тек өте ұйқас қуып кетеді екен)
Jako
Мектепті тәмамдармын бестікпенен,
Жетем талай мақсатқа бәстікпеген.
Ақын болу, арманым, еді менің
Желкенің өлең-жырдың есіп келем.


Ақынқыз, ақ жол, мақсатыңа жет, қаплқам!Өмір қаншама қатал болса да қайсарларды қолдайды.Майыссаң да,қайыспа.Ертең ақ інің де ержетеді.Ешкім анасын мәңгі қасында алып жүре алмайды, бастысы жүрегіңде сақтау жаным, осыны ұмытпа.
Jako
<code>Дендердің сағасымен, сырғып ақты</code>
«Дендер»-деген не сөз?
<code>Таңғы нұр, табиғаттың тұнығындай,
Талың тұр, сәби күнгі тұлымыңдай
Каспийге сәлемімді айта баршы
Өрілген арқамдағы бұрымымдай.</code>
"Өрілген арқамдағы бұрымымдай"-әдемі сөз тіркесі, алайда мына жерде ұйқас үшін ала салғандай екен.
<code>Желкенің өлең-жырдың есіп келем.</code>
Желкенді еспейді ғой, оның орнына «ескегін»-десең жақсы болатын сияқты.
Жалпы өлең ұнады. Дана халқымыз: «Талапты ерге нұр жауар»-деген, жазып тұр қалқам.
akynkyz
рахмет әрине сын түзелмей мін түзімесі анық
VVVWWW
Атырау облысында Дендер деген үлкен көл бар, оның жанында, Жайықтың жағасында Индер қаласы салынған (негізінде ол да Дендер болуы керек, орысшаланып кеткен), ақын қыз сол қаладан болуы керек.
Айтпақшы Махамбеттің мазары сол ауданда
Jako
Түсіндім Мәке, онда орынды екен, бұрын естімегендіктен сұрап жатқаным ғой.
Kan
Талданса талан-таразға түсетін өлең. Мектеп жасындағыоқушы екеніді ескеріп. Бұл өленіңе 5 деген баға қойдым. Мағнасы бар. ең басты ақындықтың желі есіп тұр. Өлең жазудан жалықпа. Саған сәттілікті қапшығымен, бақыты машинаға артып жібердім қабыл алағой.
Jako
Кан мырза, талабы бар жас екенін байқаған екенсіз.
akynkyz
пікірлерінізге рахмет
ereke_enu
Өлең шығарудан хабарым жоқ. Бірақ, мына өлең ақындардың өлеңіне келеді екен. Ұнады. Шығармашылық табыстар тілеймін.
davidoff
Қызым бұл бастамаң жаман емес! Жақсы пайдалы пікірлермен бөліс, әлі ақ бақытты боп кетерміз Ық ық
yesbolat83
Ақынқыз бұл өлең жолдары өте тамаша жазылған екен. Талабыңа нұр жаусын! Өзге де тамсанып оқитын шығармаларыңмен оқырмандардың ықыласына бөлене бер.
duman
уау ақын қыз қайдан боласың? неше оқисың? неше уақыт болды өлеңнің шабыты жұққалы саған.Менде өлеңді жақсы жазып, сүйетін ем өлең оқығанды.Қанеки біраз сыр тарқатсақ қалай қарайсың.Танысалық табысалық, айтысалық! (атам жаудан қайтпаған, ақындықты шыңдамағалы көп болып еді.) жауап күтем ақын қарындас!!!
AKA
Ақын болу, арманым, еді менің
Желкенің өлең-жырдың есіп келем.
Арманыңыз орындалған, жап-жақсы!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.