Жастығым саған өкпем зор.

Көңілдің сызды жарасын.
Жасырып қалай тұрасың.
Қайғының салып қаласын
Қапыда қор боп қаласың.

Қаламның жағып сиясын.
Жырдан маржан жиясың.
Бұлдырап аққан жылғадай,
Сезімді қалай тиясың.

Өтпелі өмір сынасын.
Өкпелі көңіл жыласын.
Бір бүгіліп, бір тұрып
Түбінде сенде сынасың.

Айырмай ақ қарасын.
Білмей, ұқпай бағасын.
Қайран албұрт жастығым,
Қайда кетіп барасың?

Өмірдің көріп таласын.
Түсінбей сезбей шамасын.
Мұң-қайғысын теріп ап,
Жүрегіме тағасың.

Көкірегім көлдейсің.
Қаталайсың шөлдейсің.
Бір суынып, бір ысып
Тамырлы денем жүдейсің.

Жастығым нәзік гүлдейсің.
Кейде сұққан біздейсің.
Ақылдың таппай аралын,
Өмірден қызық іздейсің.

Қайран менің жастығым.
Тұла бойды басты мұң.
Берекесіз ісіңнен,
Көрініп тұр әлі мастығың.

4 пікір

yesbolat83
Өлең маған өте ұнады. Бірақ, тақырыбы(аты) көөп ойландырды. Мүмкін мен бір нәрсе түсінбей тұрған шығармын.
Kan
пікіріңізге рахмет. Тақырыбы тым дөреки секілді келісемін.
korwinin_kyzy
Тағдыр ғой тағдыр
Jako
Тамаша Кан мырза,өлең жақсы.Негізі «Жастығым саған өкпем зор»-дегеннен көрі,«Жастығым саған өкпем жоқ»-дегенге келіп тұрғандай екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.