Махаббат мұңы

Сені бүгін көрдім тағы жүрек шіркін сыздады,
Махаббаттың оты жанып жалын болып маздады.
Сүйген жаным саған қолым сәл-ақ қана жетпеді,
Сағынышпен көрген бейнең бұл жарамды жазбады.
Сенің мәңгі есімің жүрегімде мынау жазылган,
Ылғи жүрсең де ойымда сағынышым басылман.
Рахмет деймін тағдырға сендей жанды сүйдірген,
Ынтық болған сезімім басқа ешкімге ашылман.
Махаббаттың мұңын кешіп, уын ішіп жүрсем де,
Налымаймын тағдырыма ыза болып күлсем де.
Азат жүрек, бағынбайтын дүниенің құлы боп,
Зәбір көріп заманымнан күйзеліске кірсем де.
Енді ойла сен себебін, неліктен олай екен деп,
Ризамын жаным-ау бір жерді жүрсек мекендеп.
Кезінде айтқан Мұхтар ақын ұлағатты бір сөзді,
«Есте ұстаңдар, құлай сүю ерлікпен тең екен!» деп

20 пікір

AyKoN
Ғашықтық қуаныш боп көрінгенмен
Махаббат ешқашанда мұңсыз болмас…
qyrmyzy
қойш, сол сезім, сол махаббат кейде уақытыңды армансыз жейді.
maulen
Біреу сүйгеніне шүкіршілік етсе, біреу өкініп жатады! Сіздікі жөн махаббат мұнсыз болмас!
qyrmyzy
Мұңсыз болмас деп мұңая беріп те шаршайсың…
qyrmyzy
Бәріне игнор қойып жүре бер. Керегі өзі тауып алады.
maulen
Дұрыс-ақ онда барі игнорға кетейіндеп тұрғой!!! :")
qyrmyzy
иә, солай ете сал. Игнор қой. Керек болсаң, өзі хабарласар, Хабарласпаса, керек емессің, сенің жағдайың оны қызықтырмайды. Жүрекке әмір жүрмейдінің кебін киме, ақылға бағына алады жүрек:)
VVVWWW
Игнор қойғанда жақын достарға да сөйту керек пе?
dimash
kazbash.kz: Махаббат — бассейн, ақымақтар ғана түседі. Мені біреу итеріп жіберді.
Махаббат махаббатымен, кейін жас ұлғайғанда еске алатындай махаббаттар болуы керек ғой.
Тек бір ғана махаббатпен шектелмей…
AKA
© Рубееееееен деп жазып қойшиш :))
qyrmyzy
Жас үлкейген сайын махаббат та өзгереді.
NAZz
Шектелем ба, шектелмеймін ба, оны уақыт көрсетер. Басқа жанға ғашық болсам маған да жақсы. Тек жауапсыз махаббат болмаса екен деймін.
korwinin_kyzy
арзан өлең
qyrmyzy
Қымбаты қайсы?
korwinin_kyzy
Қымбатын кеше Дина базарында тур ет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.