Оқы, ой түй, әдепті бол!!!

Бір ғұлама тәрбиесі тым бөлек,
Шәкірттердің қарсы алдына бірде кеп.
Түзү сызық сызып қойып тақтаға,
Сынақ болар сұрақ қойды «бұл не?» деп.

Біреулері: «Бұл бір деген сан»,-деді.
Біреулері: «Бәлкім, жалғыз жан...»-деді
Біреулері таяқша деп тік тұрған,
Улап-шулап айтып жатты әрнені.

Бағанадан болып жатқан құр әлек,
Шәкірттерге тақпай ұстаз кінә көп…
-Білмесеңдер, енді біліп жүріңдер,
Бір дегенім-баға жетпес бұл ӘДЕП!

-Деп, ғұлама өзі берді жауабын,
Алла берер айтқан сөздің сауабын.
Бір артынан НӨЛ-ді жазып: «Бұл не?»-деп,
Ұстаз адам тағы қойды сауалын.

Сол болған соң көзі жетіп көргені,
Бәрі бірдей жауап беріп «НӨЛ»! деді
-Жоқ, балалар, БІЛІМ-деді бұл деген,
Таң қалысып қалды бұған сенгені…

Нөл артынан нөлді жазып тағы да,
-АҚЫЛ!-деді, керек бұл да жаныңа.
Мұның атын: ӨНЕР!- деді ғұлама,
Тағыда бір нөлді қосып соңына.

Біреулері мұның сырын кеш ұғып,
Біреулері қағазына көшіріп
Жатыр еді, алдындағы сызықты,
Өз қолымен тастады да өшіріп…

Ұстаздары: «Не қалды?»-деп сурады,
Ал шәкірттер кейіпке еніп кінәлі…
Кілең нөлдің қалғанына таңданып,
Бірі күліп, бірі іштей жылады.

… Көкжиектен бара жатты күн қайтып,
Мұның мәнін түсінеді кім қайтіп?..
Акыл, білім, өнеріңнің ӘДЕПСІЗ,
НӨЛ екенін ғұлама адам тұрды айтып.Қ.Сарин

Жалпы, өмірде әдептен безген, әдептің дәмі тұрмақ, иісін сезбеген адамдарды көріп жүрміз. Жасөспірім, ересектер деп бөлмей ақ қоялық, себебі кішінің де үлкеннің де әдепке жат қылықтарын көру бүгінгі күні жаңалық емес. улкеннен көрген қылықты кішісі келіп қайталар, әркім өз басынан бастаса, ертең ақ әдеппен көркі шыққан ел аталып та қалармыз!

49 пікір

Albina97
бұйырса айтқаныңыз келсін!!!
pari
Оқыдым, түйдім. Балалардың дұрыс түсінбегені қарынымды аштырды. Қазіргі балаларға солай жасаса қайтер екен?!
bekzada
осылай мектепте тәрбие сағатында балардан сұраса, менің ойымша, естерінде біразға қалады. Жалпы әдеп пен тәрбиеге балу отбасыдан басталады емес пе? баланды емес өзіңді тәрбиеле деген сөз осы жерде үйлесімді. Ата анасы әдепті адам әдепсіз болып өсуі мүмкін бе? менің ойымша, жоқ!
maulen
Ұтымды жауап. Бірақ «Жақсыдан жаман туар» деп бекер айтпаған ау, сірә!
bekzada
=) Адам дүниеге жақсы, жаман болып бөлініп келмейді ғой. Менің ойымша, жақсы, не жаман болу әр адамның өз қолында.
Соңғы өңделген уақыты:
korwinin_kyzy
жоскы айтқан екен
qyrmyzy
кешірші Түсінуге тырыс мені де, әдейі емес
yesbolat83
Өзіме Қалқаман ағамыздың өлеңдері ұнайды.
Ақиқатында, егер пенде қанша жерден акылды,, білімді немесе өнерлі боп тұрып, бірақ ӘДЕП деген қасиеттен жұрдай болса, барлық амалдарың нөлге айналып сыйы кетері сөзсіз.
Тәлімі мол шығарма!
bekzada
келісемін толығымен! Әдепсіз адамның қолына тускен білім, айналасындағы адамдарға қасірет алып келетіні ақиқат!
Jako_Abylai_Kozy_Follow_me
әңгіме жоқ
Jako
Мынасы несі, тағы?
korwinin_kyzy
неше түрлі адамдар барго
m170785
мен өзімнің іштен шыққан туындымды, жырларымды біраз болды ұсынбағалы ))
bekzada
жариялап жатсаңыз,қызыға оқитын едік! содан кейін мен де өз туындыларымды жариялап қалармын)))
yesbolat83
жариялап жатсаңыз,қызыға оқитын едік! содан кейін мен де өз туындыларымды жариялап қалармын)))
m170785
не боп кетті, қайсыңыздың туындыңыз ))))?
bekzada
Есболат, менің жазуымды неге көшірдіңіз?
yesbolat83
Менің санама да дәл сенікіндей пікір келгесін…
maulen
Пікірден пікір туады, пікірді пікір қуады!
Ak123
жариялап жатсаңыз,қызыға оқитын едік! содан кейін мен де өз туындыларымды жариялап қалармын)))
m170785
алғашқыда жазып жүретінмін осы жерде, айтаберде, қарап шығыңыз, кейін жазбай кеттім, ақынсымақтар мен білгішсымақтар ойыңды бұзып шама шарқыңша. Алдағы күндері жазармын. Жариялаймын.соларға бола көлгірсіп қайтеміз құдайым ау. Мына өзіңіздікі ме?
bekzada
Жоқ, бұл Қ.Сариндікі. Тіркелгенім бір күн бұрын, бірінші жазбам, келешекте өзімдік жариялауға тырысамын)
m170785
не боп кетті қайсыңыздың туындыңыз? ))))
bekzada
Қалқаман Сариндікі)
m170785
Қ.Сариндікі нағыз жыр ғой, тұнып тұрған нағыз ақын )). Тошны))))?
bekzada
көп комментарийлердің мағынасын түсінбей жатырмын! бос сөз жазбауларыңызды өтінемін!
abzalsaparbek
Коментарийге көп көңіл бөлмеңіз. Кейде өзгелердің ойы, адамның жеке, өзіндік пікірін де, ойын да өшіріп жібереді. Түсінуге тырыспай-ақ та қойыңыз. Керегін алыңыз, қалғанын «мусорға» тастай салыңыз. Ақ жүрегіңізді бөгде біреулердің лай сөздерімен бұлғамаңызү Өзіндік ойыңыз бар екен, сол бағытта қалыңыз.
bekzada
Рахмет, осындай комментарийлерді бірнеше рет оқып, қайта қайта жауап жазғым келіп отырады)Көңіл бөлмеуге тырысамын, мүмкін бірі сөздеріме құлақ асып, жөнді комментарий жазуды бастар. Себебі, өз басым біреудің жазған постын, ойын құрметтеп, астына бос сөз жазудан аулақпын. Маған да солай жасаса дұрыс болады деп ойлаймын)
AKA
Керемет! Авторға респект!
maulen
Жалынды жазбаларыңызды асыға күтеміз!
bekzada
Улкен рахмет!
Armanjan
Бекзада, тап бір өлеңнің иесіндей сөйлейсің ғой
bekzada
түсінбедім?) бұл өлеңнің авторы Қалқаман Сарин.
Armanjan
енді мен де соны меңзеп тұрған жоқпын ба?
bekzada
Оны меңзеудің қажеті жоқ шығар. Жазбада анық жазылған ғой. Менің авторды мақтағанға рахмет жазуымнан солай деп жатқан шығарсыз))Өлеңнің авторы ретінде емес, жариялаушы ретінде сөйлеп тұрмын.
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.