40 қадам

Арамыз біздің қырық-ақ қадам,-
Деймін де саған жүріп-ақ барам,-
Ойымды лезде бұрып ап қалам-
Салынған тыйым сезімге.

Қашанға дейін жасырып жүрем
Мұғалімдерден ғашығымды мен?
Бір күні бірақ, асылым, білем,
Кетерсің төзбей өзің де:

Айқайлап айтар кезің де туар,
Жаның-ақ болып сезімге құмар.
«Жүрегім»,-дерсің "өзіңде тұрар
Бола алмас ешкім қарсы оған.

Сол кезде мен де әкеңе барып
Рұқсатыменен кетер ем алып…
Гүлімді саған көтере барып,
«Сүйем»,-деп әзір жар салам!

4 пікір

Jako
Жақсы,өзіндік бір жазу стильі бар.
maulen
Сол махаббат, қашықтық, сезімдерді бағындыруға жазсын!
Ademi
Қашанға дейін жасырып жүрем
Мұғалімдерден ғашығымды мен?
түсінбееей отырғаным…
naizagai
мектепте окып журген шактарда кыз мугалимдерден уялатын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.