Еркек деген...

Өмір деген бір сүріну, бір құлау
Өзі-ақ салар мойнына әкеп шылбырау
Тарта берме етегінен еркектің
Еркек деген құдырет қой. құрбым-ау!

Еркек деген құдірет қой біреумен,
Әйел қаум, сақтаңыздар ерлеріңді жүдеуден
Өйткені олар аз емес песанынан
Келеді екен, 7 әйелге. 7 әйелге біреуден!

Еркек мейлі, „әйел„ десін, „әй„ десін
Қарны ашса, „тамақ„ десін „шай„ десін,
Сеннен басқа тағы алтау күтіп тұр,
Соның бірі қағып кетсе, қайтерсің?!

Еркектікі болса дағы бұрыстау
Ашуланба, долданбағын дұрыстап,
Еркек деген бір-ақ рет сынатын,
Бірақ қайтіп құрылмайтын хрусталь

Еркек өзі ақша табар, міне берсін таксиін,
Ренжіп қалса, кете берсін, паналасын басқа үйін
Одан қайта көтере біл. көтере біл кеудеңе
Еркек деген төбең сенің, төбендегі бас киім.

Еркектерді аялау да, құрметтеу де ерсі емес,
Өйткені олар келіп кетер қонақ емес, көрші емес
Еркек деген қара добар, қара жаяу жүрсе де,
Еркек деген иномарка, „600-ый мерседес„…

… деген авторы белгісі өлең тауып алдым)))))))

33 пікір

maulen
Әйел, еркек бірін-бірі құрайды,
Бір — бірінен бақыттарын сұрайды.
7 әйелге бізден бақыт қайдан бар?
Сол 7 еудин 6 ауы кеп жылайды!
Delfina
Ренжіп қалса, кете берсін, паналасын басқа үйін
шаштарын жұлып қолына берер ем…
Осы өлең тіптен ұнамайды, біраздан бері барғо.еркектерді ырбаңдатып)))
ereke_enu
))) Мына орындыққа сыймай отырмын бар ғо. Осы өлеңді жаттап алыңдар, гимндерің болсын)
Manas
Еркек деген бір-ақ рет сынатын,
Бірақ қайтіп құрылмайтын хрусталь
айййй, хорош)))
didi0393
hrustal' ...?! Uahahhahahhh, kulkim prishla))) erkektin aty erkek!
ereke_enu
дұрыс айтасың.
ereke_enu
У меня немножко жын пришла)
yesbolat83
Әйкерім, көп рахмет, ер азаматтарды ұғына білетін жан екенсің.
didi0393
aikerima anaaaaau fotodagy Kim eken? Syndym)))
ereke_enu
маған ұқсайды екен деп па?)
didi0393
you serios?)))
ereke_enu
No I don't want to have any problems)
ereke_enu
Еркек деген қара добар, қара жаяу жүрсе де,
Еркек деген иномарка, „600-ый мерседес„…
Осы жер ұнады.
Delfina
Саған қатты ұнаған екен. Қайтейін енді… дегенмен еркексіңғо))
Jako
<code>Өзі-ақ салар мойнына әкеп <strong>шылбырау</strong></code>
Шылбырау-деген сөз түсініксіздеу сияқты.Қазақта «Шылбыр»-деген сөз бар, ол жылқының ноқтасына тағылатын ұзындығы 3-4метрдей келетін жылқының қылынан есілген арқан.Бірақ бұл жерде ол келмейтін сияқты, мүмкін «Шылбыр-ау», болмаса "Қылбұрау"-болар.

<code>хрусталь</code>
Хрусталь-нәзіктікті, аялап ұстауды білдіретін теңеу, бұл еркекке келе қоймайтын теңеу сияқты.

<code>қара добар</code>
"қара добар"-бұл сөзге түсінбедім, мүмкін диалект болар.

Жалпы өлең жаман жазылмаған, той тамадаларының бірі шығарған болар.
dimash
Мына өлің сөзсіз кез келген еркектің құлағына майдай жағады екен))
Аса мейірімді Алла болашақта тек жақсы әйел кездестірсе екен
Еркек мейлі, „әйел„ десін, „әй„ десін
Қарны ашса, „тамақ„ десін „шай„ десін,
Сеннен басқа тағы алтау күтіп тұр,
Соның бірі қағып кетсе, қайтерсің?! м? қайтесіндер ал? м? деп па)
qyrmyzy
Қыздар,
Кейде ойыңды сөзбен жеткізе алмасаң үнсіздікпен айтуға, ал, бұл өмірде сенің өзіндік орның бар екенін білдіру үшін жоғалып кетуге тура келеді...
khairbek
я согласна не де болса аптыр жоскы айтқан екен
ereke_enu
Құрсын, соңғы кездері еркек-әйел туралы тақырыптар көбейіп кетті. Соңы осы болса екен
Ademi
Сөйтші, бауырым. Неше түрлі феминисткалар шығып, солардың қатарына қосылуым мүмкін жақында:)
AKA
Мәәәә, мына тақырып жоскы-жоскы © бопты ғҰә
Jako
«Еркек, немесе әйел»-деп қиқылдасып жатқан өздерің. aikerimaөлеңді өзі жазған жоқ, менің ойымша ол жариялау арқылы өлең туралы сіздердің пікірлеріңізді білгісі келді.Ал сіздер «еркек,әйел»-деп көкпар тартып кеттіңіздер-ау деймін.
naizagai
мынадай кып шыгара берсе бари акын болатын ед,11буыннан бастап 15 буыннан аяктаган екен,6 шумагы 7 жакка лагып кеткен олен тектес туынды емес, жуынды!
FaraOn1
алғашқы және соңғы шумағы ғана Толымбек Әлібекұлыныкі екен, қалғаны өзгертілген)))
qyrmyzy
ООО, қонақ келіп қалыпты ғой Теріскейден. Төрлетіңіз, кетіп қалмаңыз тағы Төрлетке. Жиі келіп тұрсаңшы...
mairosh
Піссыліллә)) Төрлет. Әй, Көркем қайда жүрсің? Көрпеше жай))
eclipse9
Әйгерім лайым осы ойыңнан тайма))) Еркектің қадірін білетіндердің қатары ұлы отан соғысының қарттары іспеттес сағат сырғыған сайын кему үстінде! Қазір еркекті құрметтейтіндерден гөрі МӨҢКЕ БИ айтқандай әйелдердің қатары жаңбырдан соңғы саңырау құлақтай қаптап келеді
«Заман ақыр боларда-
Жер тақыр болар,
Халық пақыр болар.
Балалар жетім болар,
Әйелдер жесір болар.
»Ә" десең «МӘ» дейтін кесір болар.
Бас қосылған жерлерде,
Әйел жағы ден болар,
Жаман-жақсы айтса да,
Өзінікі жөн болар.
Орайсалып бастарын,
Жалпылдатып шаштарын,
Тақымдары жалтылдап,
Емшектері салпылдап,
Ұят жағы кем болар
AKA
Жазбадан гөрі, пікірлер жоскы © кетті, ырзамын!
Jako
Еркек деген бір-ақ рет сынатын,
Бірақ қайтіп құрылмайтын хрусталь</blockquote
«Еркек емен иіледі бірақ сынбайды»-деуші еді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.