Арылу...(өлең шумағы)



Арылу.

Түсімде көрдім, мен бүгін сені қайтадан,
Көргенім анық,өңім емес деп мен оны қалай айта алам.
Нұр бейнең сенің мұңға бір батқан тамылжып,
Тұңғиық байлап, тереңнен бір сыр байқалған.

Кінәлап маған мұңая бір сәт қарадың,
Ұяттан жанып өртеніп мен де барамын.
Күтумен өтті өзіңді менің көп күнім,
Ойланшы сенде,өзімшіл болма,қарағым.

Есіңе алшы, ойыңа түсір жүректің мұңлы жарасын,
Жасымды ойла ,қаншасы ақ деп, шашымныңсанап қарасын.
Түсінбедің, сезгің де келмей,өмірдің мына сырғуын,
Оралмай қайтып, жауабын бермей барасың

Ояна сала,өзіңе арнап, сөздерден өрнек құрадым,
Бақытыңды сенің, бір Алладан жалына тағы сұрадым.
Алып бір тастап, домбырамнан өмірдің ескі гөй-гөйін,
Жаңа бір әннің әуенін іздеп,құлағын қайта бұрадым.

Кінәламан, кінәлама түсінші күнім сен мені,
Күтудей-ақ күттім жаным, мен сені.
Болмасты күтіп, болдырамын деп бұлыңғыр,
Елесті қумай, көтерейінші бір сәт еңсемді.… JAKO

3 пікір

Adilgerey
Күтумен өтті өзіңді менің көп күнім,
Ойланшы сенде,өзімшіл болма,қарағым.

Жақсы өлең! Қаламың қарышты болсын, бауырым!!!
Korkem
Қаламың қарышты болсын, бауырым!!!
)))))))))))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.