Жүректен шыққан үн!

Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Жүректен шыққан үн!
Жанымдасың… бойымдасың...қанымдасың…
Аспандағы жұлдызым, айым да сен!
Сенің атын мәңгілік жүрегімде,
Аяулы жан, АНАШЫМ, жадымдасың!!!

Ананың махаббаты таусылар ма?
Шеті, шегі бар ма екен, соңы бар ма?
Жағымсыз қылық жасап жатсам егер,
Маған деген сезімін басылар ма???

Салынба бос әуреге, іздеп шегін,
Қадірлей біл, болса да сезім тегін!
Анаңды қара жасқа шомылдырмай,
Қуаныштың сыйла оған самал желін!

Құдайым, уақыт бер… ДӘЛЕЛДЕУГЕ
Туылмадым «жай адам», қуыс кеуде!!!
Анашымның қуаныш жасын көру,
МЕН ҮШІН ДҮНИЕДЕГІ БАСТЫ МЕЗЕ!!!

Остановкадан түсіп, үйге карай бет бұрдым. Астананың желі сүйегімнен өтіп барады. Басымды көтеруге шамам жоқ. Оқудан қатты шаршағаным ба, әлде кұрғыр желдің кесірі ма… түсініксіз. Көзімді жұмып- ақ жететін сияқтымын. Екі жылда жолды әбден жаттап алдым. Бастысы, біреуге соқтығысып қалмау. Жылы үйге тезірек жеткім келіп, кадамымды жиілетіп барамын.
Оңтүстіктің жұмсақ ауа райын сағындым. Туған өлкемді сағындым!Қысы суық болса да, мұндай жел жоқ…
Мектеп кабырғасында он бір жыл білім алып, «Алтын белгімді» құшақтап, Астана қаласының Еуразия Ұлттық Университетіне түскеніме екі жыл болды. Ата-анамнан алыстап өмірімде ешқашан кетіп көрмеппін. Кейде Мама-Папамның арасына жатып алып, олармен түні бойы сөйлесе алатынмын. Қалай жеткізсем екен сіздерге… Арамызда ерекше байланыс бар…
Әкем өте балажан кісі. Мені қазіргі күнге дейін құдды бір сәбиді еркелеткендей еркелетеді. Маған ешқашан ұрысып та, қатты сөйлеп те көрмеген. Шектен шығып, еркелеп жатсам, анам жаймен тусіндіретін. Сондыктан болар, ауыр сөз көтере алмаймын.
Университет қабырғасында көптеген адамдармен танысып та қалдым. Бұған дейін кездестірмеген мінез, тәрбиеме жат қылық та көрдім… Басты түйгенім, саған нағыз жаны ашыйтын, өзіңнен бұрын саған жақсылық тілейтін адамдар — сенің ата анаң! Алыста болсам да, көлеңкелері қасымда еріп жүретін сияқты. Міне, казір де, суық күні жылытатын солар жайлы ой, олардың көлеңкелері. Менің қадамым оң болса, қалай қуанатының білу, мен үшін үлкен мотивация!
… Таныс порковкама да жетіп қалдым, шыны көк есікті көріп, төбем көкке жетті! Алакай, енді үйге кіріп, ыстық шай ішіп, Татемнің бәлішін жеймін. Жылынып алып, міндетті түрде скайппен ата анаммен байланысамын. Университеттегі қырсық апай жайлы, алған жүз балымды, ертең болатын жиналыс жайлы, ең бастысы, оларды қалай жақсы көретіңімді айтамын!.. Мен алыстамын, сондықтан тек желі, ұялы телефон арқылы ата анаммен байланысудамын. Ал сіздердің ата-аналарыңыз, мүмкін, көрші бөлмеде теледидар көріп отырған шығар… Бетінен сүйіп: «анашым,әкешім, сіздерді қатты жақсы көремін. Мақтаныштарыңыз болуға тырысамын,»- деп айту, сонша қиын емес қой, келісесіз бе? Ал олар ушін бұл үлкен бақыт!!!
Өмір өзен сан қырлы ағысы бар,
Отбасысыз дүние болады тар,
Құрметте қастерле ата-анаңды
Өмірдің қазынасы нағыз солар!!!

14 пікір

yesbolat83
Қарындасым, кішкентай ғана балалық жүрегіңнен шыққан ата-анаңа деген махаббатыңды осындай пәк күйінде сақтай біл. Және де Оларды көп ойлап уайымға булыға берме. Сенің тек қана бар ынтаң білім алуда болуы керек. Сенің үлкен маман иесі боп туған жеріңе баруың Олар үшін үлкен жетістік.
Пост керемет, өлеңдерің де.
bekzada
Үлкен рахмет сізге! Сабағымды жақсы оқуға тырысып бағудамын! Сөздеріңіз құлаққа өте жағымды, үлкен рахмет!!!
pernebekova96
өте керемет жазылган! Ата- ананыздың мақтанышы болыныз!
bekzada
Улкен Рахмет! Сізге де соңы тілеймін!
Korkem
Ғажапсың!
bekzada
Улкен РАХМЕТ!!!
abzalsaparbek
Бекзада, сізде ең қымбаттың барлығы бар екен. Ата — ана және оларға деген махаббат!
bekzada
рахмет, Абзал! Дұрыс айтасыз.
eclipse9
ата-аныңды ардақ тұтқаның үшін саған бүйрегім бұрып, ішім жылып отыр!!! жарайсың замандасым, өн-бойынан қазақ аруына тән кер маралдай келісті кескін-келбет, мінезінен қазақ аруларына сай инабаттылық, биязылық, сыпайылық, адамгершілік қасиеттері бар нәзік жандыларды жанымдай жақсы көремін, аса қатты құрметтеймін!!!
bekzada
Улкен рахмет сізге! көңілімді көтеріп жібердіңіз! рахмет!
didar
тұнып тұрған тәрбие! тамаша, замандас!
AKA
Орфографиялық қателерді жібермеуге тырысыңыз, ал жазба жап-жақсы! Бастысы, ой таза жеткізілген.
bekzada
рахмет! Сезімге беріліп, үтір — нүктеге аса назар бермеген сияқтымын. Келесі жазбамда ескеремін, Аллаһ қаласа!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.