Мен әлі де таңданумен келем...

Жұлдыздарға қараймын көзім талып,
Қоймас сірә таңдану төзімді алып.
Осынау кең аспанды білгім келед,
Әлі бірақ білмедім өзімді анық.

Тербеген табиғат бар айналамда,
Өзені бар өктем үн, сай-саламда.
Тегін тарту етілген әсемдікке,
Шүкіршілік етпесем жай табам ба?

Ғапылдықты денеден жеңсеңізші,
Көз тігейік әлемге, келсеңізші.
Кілем ғып жайған жерді тіршілікке,
Қандай шебер Жаратушы десеңізші…

Күніміз тұр аспанда нұры ағыла,
Неткен үлкен нығымет қырағыға!
Осынау жарық берер шам үшін
Жаратқан бізден ақы сұрады ма?!

Бұллтар бар жанасып тауыңменен,
Сансыз салмақ көтеріп жауын берген.
Я, Жаратқан қорықпайтын жүрекке,
Үркітетін үрей бер дауылменен.

Жаратқанды тани алмай жатқасын,
Алла алдында адам деген атқа сын.
Бұл әлемді кездейсоқ қабылдайтын
Көр сенімнен Аллам өзі сақтасын.

Мен әлі таңданумен келемін,
Жаратқанның құдіретін елегін.
Аса нәзік жүйеменен жасалған,
Жер мен көкті танып-білсем деп едім.

13 пікір

AyKoN
тамаша! Сөз жок!
yesbolat83
Илләһи өлең жолдары деп атасам да болатын шығар, Аллаһтың берген дарыны арқылы жазылған дүние. Керемет, маған ұнады. Бірақ, мына жері:
Я, Жаратқан қорықпайтын жүрекке,
Үркітетін үрей бер дауылменен.
тым қаталдылық емеспе? Әлде, дұрыс түсінбей тұрмынба.
sultan_yerkebulan
рахмет, көп күнәлар Құдайдан қорықпаудан туындайды, Пайғамбарымыз с.ғ.с Алладан қорықпайтын жүректен Аллаға сиынған, сол дауылдармен бей-жай жүрген біздің жүрегімізге кішкене де болса үрей ұяласа екен.
yesbolat83
Аллаһ разы болсын! Жалпы, сенің жазған өлеңдерің маған ұнайды, оқып тұрам. Рахмет.
zhomart
ол қайсың минустап жүрген тағы :-)))
Jako
Мен осыны түсінбей жүрмін, байқаймын осындай бір үрдіс жүріп жатыр. Менің рейтингім 291 болып тұр еді бір-екі күннің ішінде еш пікір жазылмастан минустау арқылы 190-ға түсіріп қойыпты.Өзім ішімнен Админнің істегені шығар деп қойдым, одан да сайтқа кірмей ақ қойыңыз деп сыпайы ескертсе түсінер едім.
zhomart
ағасы, көре алмастардың кері ғой, өздері жаза алмағасын минустау арқылы рахат табады олар. Өз басыма рейтинг қажет емес, минустай ма плюстей ме, бәрібір. Бастысы жазбаң мықты болуы керек қой :-))
yesbolat83
Жомарт мен сенімен келісемін. Ең бастысы жазбаң оқырмандардың түйсігіне жақсы ықпалын тигізіп, аз да болса пайдасы тисе болды емеспа.
qyrmyzy
Сәлеметсіз бе, Жако аға! Қалыңыз қалай?? Админнің қолданушыларда шаруасы жоқ. Тек сызықтан асып кетсе ғана бан қойып, ертесіне қайта шығарып алатын әдеті бар. Біраз қолданушыларға ұнамай қолған шығарсыз… Оның үстіне сіз көп жазба да жазбайсыз. Сосын сізді балл қызықтырмайды деген ниеттемін. Рахмеет:)
осы сайтты оқып жүргеніме бір апта болды. түнімен отырып басынан соңына шейін оқып шықтым 2 күнде. байқағаным: кей қолданушыларға сіздің жасыңыздағы азаматтың пікірі аса жаға бермейді. ащы шындық деген бар. сол болар. админдерге тексертсеңіз де болады. бұл — ересек адамның пікірі. ал бала ретінде айтар болсам, төбедегі ондықтан түсуіңіздің тек себебі бар: сол ондыққа қазір еніп тұрған жас бала. байқауымша, со балада алдында да рейтинг қуалаушылық байқалған болатын. гипотезамды тексертіп көріңіз. админ абыройы да бар. бекерге айып таққан, тақпағаныңызды біз де біліп қаламыз.
Kan
Күніміз тұр аспанда нұры ағыла,
Неткен үлкен нығымет қырағыға!
Осынау жарық берер шам үшін
Жаратқан бізден ақы сұрады ма?!
осы сөдер керемет айтылған
pernebekova96
Мен әлі таңданумен келемін,
Жаратқанның құдіретін елегін.
Аса нәзік жүйеменен жасалған,
Жер мен көкті танып-білсем деп едім. Ияя дурыс айтасыз агатайыым менің Білім алу әр мұсылманның парызы! Өте керемет жазылган МашАлла!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.