ДЕПРЕССИЯ

ДЕПРЕССИЯ

Ештеңе қызық емес… Ешқандай ой кешпеймін,
Ешқайсысы түсінбейді, ешкіммен сөйлеспеймін!

Ешкімді сағынбаймын, сағынып керегі не?!
Еш кеткен сағынышым, жеткізбей дегеніме…

Ешқашан жазылмайтын жанымның жарасын-ай,
Еш нәрсе өзгермейді, бәрібір, тағы осылай…

Ешбір жан тең келмейтін, тәуелсіз Тәңірім-ай,
Еш уақта ойламаппын, болар деп бәрі бұлай…

Еш жерден табылмайтын Бақытты аңсадым ба?!
Ешқайда апармайтын жол жүріп шаршадым ба?!

Білмеймін…

Алмас ТЕМІРБАЙ

11 пікір

dosbol
депрессияға ұшырап керек емес, жақындарыннан, туған туыстарыннан айрылғанша бұл өмірге келіп қызық көрудің еш мәні болмайт,, ешқашан өмірден түңілме, мықты бол, сабырлы бол, арқашан мен білем, менің қолымнан келеді деп өз-өзіңді алға жетелей берсең ғана бұл өмірден өз орныңды, өз бақытыңды табасың. БӘРІ ТЕК СЕНІҢ ҒАНА ҚОЛЫҢДА, СЕНІҢ ҒАНА ҚОЛЫҢНАН КЕЛЕДІ ДЕП СЕНЕМ!!!
Albina97
өлең керемет тамаша ұнады!!! ал депрессияға келер болсам одан құдай сақтасын
m170785
өте тамаша, маған ұнады, сөзі де керемет, бірақ мына жырды депрессия емес, басқаша атау керек еді, бұл депрессиядан туылған іштегі сағыныш жыры, жетіспеушілік қой жартының, кейде менде де осындай болады сағынумен, аңсаумен, іздеумен… Мен бір талай болды іштегі жырымды жазбағалы айтаберге. Қайнап жатыр, бір талай жиналып қалып еді, жазып қойғаны ма.
m170785
Айка разымын сізге, жаза түсіңіз, өзіңіздікі де болса ұсыныңыз
yesbolat83
Жақсы жазылған, өткенімді есіме салды. Арасында еске алып тұрғанның өзі жақсы екен.
Рахмет.
qyrmyzy
Ешқайда апармайтын жол жүріп шаршадым ба?!
кейде ойлаймын, бәрі не үшін, кім үшін?? таң атқанда батуын күтеміз… Көкірегіңізді керіп, иілгіміз келмей, талайлармен ара қатынасты үземіз. Көңіліне қарамай сөйлейміз. Бір күні кетерміз осындай өмірден…
Адамдар бір-бірін құрметтесе, бір-біріне көмектессе, демеу болса…
maulen
Өлең ұнады, адамның көңіл-күйі өзгермелі ғой, сол себепте
темірді қызған кезінде соғу керек
кремет!
dimash
Немене келісіп алғансыздар ма?..
Психологиядан «Стрес. Депрессия»
Коммуникациядан: «Депрессиядағы науқаспен қарым қатынас жасау ерекшеліктері»
Енді сайтта да осы тақырып)) Енді тағы бір жерден оқысам тошны депрессияға түсіп кетем)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.