Ғашықтық

Мынау түн маған бейне бір жұмбақ сыр ашқан,
Өзімде емес,қиялым сірә қыр асқан.
Мен неге көп ойланам сол жайлы?
Сүймек түгілі, жағдайы жоқ сұрасқан.

Тырсылдап жаңбыр төбемнен төксе тынбастан,
Тазалай алмас тап осы көзді мұң басқан.
Бір білерім таусыла қоймас сөздерім,
Өзіңе арнап жазсам-дағы жыр-дастан.

Талай көздің көл қылып тұнық жасын,
Махаббаттың көп сәтте мұңы басым.
Ғашықтықтан у-шәрбәт ішкен кезде
Сөздерімнің астарын ұғынасың.

Махаббаттың көп сәтте мұңы басым,
Ендеше мұң-пышығын сұғып алсын.
Құлағыма сүймейм деп тағыда айтқын,
Көңілімде зар болып үні қалсын.

Қасыма кеп тербейді түнде елесің,
Жеткізе алмайм жағдайды білмегесін.
Ғашық болу несіне бақыт дейді,
Ынта-шынта ешқашан күлмегесін.

Келме десе жанына күрмелесің,
Берме десе тағы да гүл бересің.
Шынайы ғашық болу осы ма екен?
Басынан кешпегендер үндемесін.

19 пікір

Jako
Шынайы ғашық болу осы ма екен?
Басынан кешпегендер үндемесін. 

Тамаша, басынан ғашықтық дерті өткендер де, бұдан асырып жеткізуі оңай болмас.
yesbolat83
Шынайы ғашық болу деген ол — керемет сезім ғой. Кереметтігі сондай ол қыз сені ұнатпаса да, оған деген сезімің лаулай түседі.
Өлең ұнамды жазылған. Рахмет.
sultan_yerkebulan
Түсінгендеріңізге рахмет!
qyrmyzy
Кімде болыпты сәтті махаббат???

Құлағыма сүймейм деп тағыда айтқын,
Көңілімде зар болып үні қалсын.
Jako
Папамыз бен мамамызда, сол сәтті махаббаттардан біздер жаралғанбыз...)))
qyrmyzy
эхх, папа мен маманың махаббатын айтсаңызшы… Бір пост жазу керек екен:) Жазысқан хаттары бір чемодан, барған сайын оқимын. Қызық:)
Albina97
қатты-қатты өте қатты ұнады
maulen
Керемет! Жаупсыз махаббатты жауапты махаббатқа айналдыру өзіңнің қолында, себебі мен айналдырып көрдім! ұнады өлеңдерін, оқыған әр бір адам осы өлеңнің ішінен өзін тауып алатынына сенімдімін!
sultan_yerkebulan
Рахмет, айналдырып көрейін жауаптыға, бірақ тағы бір өлең туып кететініне сенімдімін))
maulen
ия, асыға күтеміз өлеңінді!
yesbolat83
Расында да мен осы өлеңнің ішінен өзімді тауып алдым.
qyrmyzy
мен де жұр екем ішінде…
Kan
Ғашықпын шын ғашықпын
didi0393
Men undemeiak koiayn)))
pernebekova96
Қаттыыыыы ұнады!
tolkinjan93
ia gawiktik suispenwilik sezim adamdi rasinda wabyttandyradi. keremet olen. magan katty unadi.
sultan_yerkebulan
Рахмет,қуаныштымын ұнағанына)
Ғашық болу несіне бақыт дейді,
Ынта-шынта ешқашан күлмегесін.
бул бакытта коп адамда кездесе бермейды керемет жазылган олен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.