Қаншама тырысқанымменен

Жүрегіммен жұлысқанымменен,
Датымды айтып тұрысқанымменен.
Мені сені ұмыта алмадым,
Қаншама тырысқанымменен.

Жанарымнан жылысқаныңменен,
Өзіме-өзім ұрысқанымменен.
Жүрегімнен қуа алмадым сені,
Қаншама тырысқанымменен.

Жүрсем де жұмыс қамыменен,
Өмірдің жыртыс қамыменен.
Көңілімнен ұмыт қалмадың сен,
Қаншама тырысқанымменен.

Қапа болып қалысқанымменен,
Оңашада алысқанымменен.
Қосылуға көндіре алмадым мен,
Қаншама тырысқанымменен.

Өкпеңді айтып ұрыспадың сен,
Қиынға төзіп тұрыспадың сен.
Жүрегіңді еріте алмадым мен,
Қаншама тырысқанымменен.

Жадымнан жылыстадың сен,
Түсінуге тырыспадың сен.
Көңіліңе түнетпедің сен,
Қаншама тырысқанымменен.
Бәзбіреумен салысқанымменен,
Өзгемен сен табысқаныңменен.
Жүрегімді шідерлей алмадым мен,
Қаншама тырысқанымменен.

Жар жалына жабысқанымменен,
Уақытпен жарысқанымменен.
Өткенді өшіре алмадым мен,
Қаншама тырысқанымменен.

Қия шетіне барысқанымызбенен,
Кінәмізді артысқанымызбенен.
Тағдыр сынынан төзе алмадық біз,
Қаншама тырысқанымызбенен.

Қиындықпен алыспадың сен,
Мәмілеге барыспадың сен.
Мәні кетті бұл өмірдің,
Қаншама тырысқанымызбенен.

Мен кейбір әлсіздерге ұқсап,
Көз жасымменен тұрмаймын тұсап.
Екі айрық жол сияқты,
Екі жаққа кетсе де құшақ.

Жүрекпен жүрек жыласа да,
Алдыңа сезім құласа да.
Білемін жібімейтініңді,
Көңілім медет сұраса да.
Бәрбір сені сүйіп өтемін,
Менен ешкім сұрамаса да…

10 пікір

Ademi
Көптен көңілге қонымды өлең оқымап едім. Жүректен шыққан. Жүрегіме жетті. Рахмет! Жазыңыз, мында іліңіз! Оқырманыңызбын!

Нигіңізге қарап, қыз екен деп ойлап едім, кешіріңіз
Albina97
туындыңыз керемет!!!
ARDANA
шын көңілден, ақ жүректен рахмет!!!
Kan
Баы керемет аяқ жағын сүйылтып жіберіпсің.
yesbolat83
Маған қатты ұнады. Әсіресе соңғы жолдары:
Білемін жібімейтініңді,
Көңілім медет сұраса да.
Бәрбір сені сүйіп өтемін,
Менен ешкім сұрамаса да…
korwinin_kyzy
Сонгы кезде Айтаберді ашсам бір ақындардын сайтыма деп ойлап қалам, кілен толған өлендер неге басқа бірдене жазбасқа? Жалығып кеттім Рас айтам бұл менің пікірім ИМХО
zhomart
Осылай оқи берсең бір күні сенде поэзияның ауылынан бірақ шықпа :-))
m170785
Қайреке сіз олай деп те айтпаңыз, ойламаңыз, поэзияны оқымасақ та, жүрейік онда өңкей «КӨТІЛЕТ» тектес жазбаларды оқып, неге олай ойлайсыз. бұл жерге жазуға тиісті
korwinin_kyzy
Б3р катлетты коре калдынба
yesbolat83
Сонгы кезде Айтаберді ашсам бір ақындардын сайтыма деп ойлап қалам, кілен толған өлендер неге басқа бірдене жазбасқа?
Айтаберде «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» бар екенін ұмытпаңыз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.