Мәңгі-бақи тұтқын болып қалсам да....

Мұқағали емеспін, Мұхтар да — емен,
Мұхит-жырдың тереңінен маржан терген.
Қарапайым ғашықтың бірі едім,
Әдемі сөз ұйқасынан құрған өлең.

Кімге ғашық болмадық, бойдақ кезде?
Есеп бермес кезеңді ойға тізбе.
Түрі сұлу қыздарға мың иілдік,
Жаны сұлу аруды ілмей көзге.

Өтті ол кез, бойдақтық, бозбалалық,
Қанша қызда кеттің «хақың», қозғамалық.
Сан мың жұлдыз арасынан өз жұлдызын,
Таба білген замандастың озғаны анық.

Өтті күндер өз керегін еншілеп,
Келер күннің кемеліне «сенші» деп.
Екі арада жүгіріп жүрдім біраз,
«Сыбағамды менің алып берші» деп.

Пендеміз ғой бойкүйездік арылмаған,
Шындықты айтып ағынан жарылмаған.
Періштемді көктен күтіп жүргенімде,
Пәк Алматым сыйлады Ару маған.

Қара бұлтын тарқатып көңіл-күйдің,
Қуаныштың шуағын өзің құйдың.
Жанарыңнан күлімдеген сыр ұқтым,
Со көргеннен өзіңді құлай сүйдім.

Жүрдек пойыз жүйіткіп түсті ізге,
Сағымменен жарысып құлан түзде.
«Бақыт» атты өмірге шығарып сап,
Қарт Алатау қолын бұлғап қалды бізге.

Махаббатың мас қылды, ырықты алды,
Асау сезім өзіңде тұрақталды.
Қызық қуып әр түнді таңға ұрған,
Бойдақтықтың ауылы жырақ қалды.

Сал-серінің шапанын кигенмін көп,
Талай Ару жүрегіне тигенмін «дөп».
Сан сұлуды сиқырлап жүргенімде,
Ойламаппын бір қызды «сүйемін» деп.

Қандай сиқыр арбады өзіңдегі,
Әлде тылсым ғажап па көзіңдегі.
Әйтеуір сол өзіңмен кездескен түн,
Сезім, шіркін, таң атқанша көз ілмеді.

Іздеймін әлі есімнен сан таңсам да,
Шөлдеймін әлі шәрбатыңа қансам да.
Өкінбеймін жүрегіңнің төрінде,
Мәңгі-бақи тұтқын болып қалсам да…

50 пікір

yesbolat83
Кімге ғашық болмадық, бойдақ кезде?
Есеп бермес кезеңді ойға тізбе.
Түрі сұлу қыздарға мың иілдік,
Жаны сұлу аруды ілмей көзге.
Бойдақтықта көөөп қызға ғашық болған жалғыз менмін-ау деп жүрсем, баршылық екен ғой.
Өлең жақсы жазылған. Өмірімдегі көп сәттерді есіме салды, рахмет.
Ademi
Пәлесіздер ғой!
yesbolat83
Өйткені, біздер жігітпіз ғой!
Ademi
ақталмаңыз олай
yesbolat83
Ақталғаным емес, мақтанғаным!
ARDANA
ия, әттең жүрек жалғыз:)))
yesbolat83
… бәріне бөліп берер ем:)))
zilola
Мұқағали есемпін, Мұхтар да — емен,
Осы пост ілерде тап осы жерде отырып жаза саласыңдар ма? Әлде алдымен док файлда жақсылап теріп, тексеріп, сонан соң копи/паст етіп жариялайсыңдар ма? Басынан бастап қате шығып жатады кейде, әңгіме болса бір жөн, тексеріп ілген жөн өлеңді.
yesbolat83
Мұқағали есемпін,
қалай байқағансың? Мен болсам емеспін деп оқып өткем. Мағынасына үңілсеңші, әуелі.
zilola
мағынасына мін тағып отырғам жоқ, грамматикалық қателіктер жайлы жаздым
ARDANA
саусақтарым жылдам қимылдайды, асықпа десем де тыңдамайды. Көзім де жылдам. Негізі, қате деген ұры ғой. Ескерткеніңізге рахмет.
ARDANA
түзеттім:)
zilola
Рахмет, реніш болмасын, өлеңдегі қате көзге бірден түседі. Әңгімедегі қате болса түзетуге де тырыспаймын.
Кеңес ретінде өлеңді алдын ала басқа файлда теріп алып, түзетіп сосын ғана копи/паст жасаған дұрыс.
ARDANA
әрине, енді есте болады.
m170785
ӘӘӘй қайсыңыз ол апама нәәезд жасап отырған, а? ))
korwinin_kyzy
Грамматикалық емес орфограпиялық шығар Әпще?
zilola
ощым аффтор не айтпағымды түсінді, так что ары ойна бала (
korwinin_kyzy
ызвини я не знал что ты обидешся(((( аптыр не айтпағымды түсінді деп қателесе берик онда? м?
zilola
кетшей, полный зб уже!
korwinin_kyzy
Ұстандар наны ұстандар боқтаватр ұстандар қамандар абақтыға))))))
zilola
сенің құсық шақыратын тағамдарыңды да амалсыз көріп жүрміз, алдымен өзіңді түзе
korwinin_kyzy
хватит уже, қазақсынго коралмайсынго ишин тарго, Қыз басвмен боқтағаннан без дид)))))))))
zilola
Сенің өзге ұлт екеніңді баяғыдан білгенмін, ал мен қазақпын!
Қызбен салғаласып отырған түрің бар болсын, ощым сендейлерге түкірдім!
korwinin_kyzy
Мен сені Ибалы Инабатты Иманды деп ойлап журсем мен DEEP қателесіппін(((( ТҮКІРДІМІ НЕС????
zilola
ал мен сені ойламаймын да! так что соңыма ілесіп пікірлеп, елдің тақырыбын таптай берме! осы жерден тоқтай ғой"
korwinin_kyzy
Жылағым келді көзімнен жасым тамбады,
Сен екенсің ғой өмірімнің бар мәні.
Біреуге бақ боп бұйырып жүріп бір сәтте
Болып жүрсің ғой енді бір жанның арманы.
Көзіңе қарап көремін сезім шуағын,
Сыртыңнан саған ғашық боп жаным тұрамын.
Өзің боп менде тіршілік етер бар нәрсе,
Өзіңе ғана арналады енді жыр әнім.
Жанарың нұр, көздерің күліп тұрады,
Сезімдерің де селт етпес секем қырағы.
Жақындап саған қолымды созсам жарығым,
Алыстап мүлдем барасың жаным тым ары.
,
m170785
ай Қайырбек ай
m170785
Апамның қитығына тидің ғой көршінің баласы Қайырбек
m170785
Есеке апама нәәәезд жасамаңыз )))))
yesbolat83
Кешіріп қой, бірақ мен қыздарға
нәәезд
жасағанды жаным қалайт. :)))
sultan_yerkebulan
Жазба керемет Қайреке, талабыңызға нұр жаусын!
ARDANA
Рахмет бауырым. Жақсы сөз адамның жанын жадыратады.
eclipse9
«Ақиқатқа келгенде атаңның қылмысы болса да жасырма» дейді ғой! Шындығын айтайын «керемет өлең» деуге келіңкіремейді. Арзан ұйқас, буын ауытқулары бар дегендей! Бірақ бір қуантарлығы іліп аларлық ой бар өлеңде! Құдайым талпыныс силасада, таланттан кенде қылыпты! Мен бұл бір сені көре алмаушылықтан емес, жалған мақтаулардан оянсын деген достық қамқорлық ниетте жаздым! Баршаға белгілі ғой достың, таныстың «жақсы» дей беретіндігі. Себебі олар көңілі қалмасын дейді… Мен сені олай бос мақтаумен бордақылағым келмейді… Көре алмай бағалағанның орнына, табалады деп жүрме! Бауыржаш Момышұлы айтқан ғой "Өтіріктің балын жеп тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық"
ARDANA
Сыныңызды қабылдадым. Мен ақын емеспін және оған талпынған да емеспін. Бұл қиналған сәттегі тілімнің орамына айналған оралған ойлар ғана. Ақындықтың ұшарына шығамын деп үш ұйықтасам да түсіме кірмеген. Менің мамандығым журналист. Оны талант деп те, талпыныс деп те қабылдамаймын. Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін демей ме? «Таланттылар-негізінен ауытқып туғандар». Бұл менің сөзім емес. Адам өз ойын өлеңмен жеткізу үшін ақын болуы, қара сөзбен жеткізу үшін жазушы болуы шарт емес шығар? Рахмет.
eclipse9
Оқасы жоқ! артық кетсем ренжімессің түйсігі бар қыз деп сын айтып отырмын! Ұқпасқа айтқан сөз жетім дейді! Ұққаныңызға рахмет!әйтпесе біздің арамызда құлағы бар болсада керең, көзі бар болса да зағип жандар шаш етектен! Болашақ әріптес екенбіз, өзіңе мәлім шындығы шамалы қоғамда өмір сүріп жүрміз! күнделікті көріп те жүрген боларсың шындықты өтіріктің жамбасына жығып беріп жүргенімізді! Осы орны толмай отырған олқылықты болашақта біз толтырмасақ кім толтырады!
ARDANA
кешір бауырым… бірақ, мен ЕРКЕКПІН!!! НАТУРАЛЬНЫЙ!!!
sultan_yerkebulan
артық кетсем ренжімессің түйсігі бар қыз деп сын айтып отырмын!
Шындык ашылды әйтеуір хехе)))
eclipse9
уахахха сені әлсіз жыныстың өкілінен десем уаххаах ренжіме бауырым ардана дегенге қыз ба деп қалсам уаухуауаххаахха
yesbolat83
Тәуір-ақ есім ғой. Оның несі күлкі?
sultan_yerkebulan
Қайрат есімді арыстай азаматты аңдаусызда әйел деп ойлап қап))Абайлайық ағайын)))))
zhomart
жыныси ақаулар :) боп тұрад)
eclipse9
оның есімі Қайрат деп емес Ардана деп тұр! Соған қыз екен деп қалдым! айыпқа бұйырмас! ал күлкіге келер болсақ, өзімнің ұятты ісіме күліп жатырмын, Ардананың есіміне емес!
ARDANA
Ой, бұл бір қызық уақиға болды ау:))))) оқасы жоқ:))))))
sultan_yerkebulan
Енді неге Ардана деп қойғаныңызды түсіндіріп өтетін уақыт жетті?
yesbolat83
Ия, мен де соны сұрағым кеп еді.
ARDANA
Қайырлы таң. Ардана менің руым:)
tursynai
қыз баланың есіміне өте лайық екен!!! псевдоним есебінде алғансыз ғой сонда…
m170785
өзіңіздің есіміңіз кім?
ARDANA
ҚАЙРАТ:) қуаныштымын… дос болайық…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.