Үміт пен күдік...

Ақыры шықты-ау, көптен күткен шешімің,
«Ажырасамын!».
Қаһарлы неткен кесімің!
Асыққаның соншалық, жүрегімнің,
Құлыптамай кетіпсің ғой есігін.

Кездескендей сезімнің гүл бағына,
Асықтың ба өзгенің құшағына.
Әсіре қызыл тез оңар, абай болшы,
Түсіп қалмай тағдырдың тұзағына.

Шаршағанда өмірдің шатпағынан,
Бар кінәні аударып жатпа маған.
Көңіліңнің түкпірінде орын бар ма?
Бір жырың боп жатайын жатталмаған.

Сырларым көп өзіңе ақтармаған,
Тірлігім көп өзіңмен ақталмаған.
Мүмкін әлі, бір айналып соғармын,
Сыбағамды сүбелі сақта маған.

Көңілімде мәңгілік жаз шуақты,
Зәм-зәм судан ағыздым бал бұлақты.
Шаршағанда келіп бір демалсын деп,
Жасап қойдым жүрегімде жұмақты.

Келеңсізді жеңдіріп кемеліңе,
Ашу-кектің адамға берері не?
Жүрегімнің есігін жапқаным жоқ,
Үміттеніп қайта айналып келеріңе…

21 пікір

Korkem
Жақсы жазыпсыз
ARDANA
рахмет Көркем. Сені көргеніме қуаныштымын. Көп болды көрмегенімізге
Korkem
рахмет, жүрмін ғой))
Ademi
Асыққаның соншалық, жүрегімнің,
Құлыптамай кетіпсің ғой есігін.
неткен теңеу!
Жүрегімнің есігін жапқаным жоқ,
Үміттеніп қайта айналып келеріңе…
Осы үміт дегенді жек көрем! Кеткен адам қайтып келмейді, меніңше. Күтпеңіз.
ARDANA
Уақыт көрсетер. Дегенмен де сөзіңіздің жаны бар
yesbolat83
Өлең өмірден алынады деген бар. Менің өмірімнің, менің тағдырымның парақтарының бірі ғой бұл.
Ademi
Ғашықтардың қосылмауына өздері кінәлі! Мойындаңыз, өздері кінәлі!
yesbolat83
Әрине, енді сен кінәлі емес шығарсың.
Ренжіме қалжың.
Imanigul
Шедевр түгіл дымы жоқ! Өлеңнің ұйқасы, буын-бунағы тіптен жоқ! Сөздер тек ұйқас үшін алынғандай! Обшым, батысшаиайтқанда, «дәм болсын»!
ARDANA
Сіз ойыңызды айттыңыз, ол үшін кінәлі емессіз. (батысша):)) сын түзелмей, мін түзелмейді. Сынды көтереміз. Тек ашуға берілмей, сот сияқты шешім мен кесімді шатыстырып алмаңыз. батысшааиайтқанда:))
Korkem
өз ойын анық жеткізгенінің өзі ерлік. Меніңше, ақындыққа таласып кеуде соғып жатпаған секілді. Әп-әдемі өлеңді «дәм болсын» дегеніңіз қалай?
Imanigul
Сынға дұрыс қарағаныңызға рахмет! Ешқандай ашу жоқ! Не көрініп тұр, соны айттым! Ашығын айтпаса, таныс-маныстың көңіл үшін айтқан пікіріне масайраған ақынсымактар көбейіп кетеді. Талабыңызға нұр жаусын!
ARDANA
рахмет. қайта сын айтылса, бәрі де түзеледі.
maulen
Керемет, Ардана! Әсіресе соңын жақсы аяқтапсың маған ұнады!
Келеңсізді жеңдіріп кемеліңе,
Ашу-кектің адамға берері не?
Жүрегімнің есігін жапқаным жоқ,
Үміттеніп қайта айналып келеріңе…
тамаша! Және Имангүл ханымның пікіріне келіспеймін, себебі азғантай кемшіліктер бар шығар, бірақ
буын-бунағы тіптен жоқ
деуіңіз ерсі, егер буын мен бунаққа таласының болса Мұхтар Шаханов ағамыздың өлеңдеріне пікір айтыңыз!
Orxantai
айтса билмей, ашпаса көрмейтиндей қате емес.Бирак Имангүлдің де сөзінің жаны бар! Жанашырдың сөзі гой бұл!
maulen
Сөзінің жаны жоқ демедім, сонда да мүлдем жоққа шығаруға болмайдығой!
Orxantai
Ұғына білгенге бұл қажау емес қайрау!
тАЛАНТҚА ТАС АТУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ
ТАЛАНТТЫ МАҚТАЙ БЕРСЕҢ ӨЗІ ӨЛЕДІ деген.
maulen
Сонда да ақиқатты айтқан жөн ғой!
ARDANA
рахмет пікріңе. жақсы сөз жарым ырыс
tursynai
оз ойынды жеткизу ушин акын болудын кажети жок шыгар а???? адеми жазылган олен… в том же духе...!!!
ARDANA
рахмет Тұрсынай
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.