Раббым, Аллам, кешіре гөр пендеңді...

Раббым, Аллам, кешіре гөр пендеңді…
Көтере алмай келем әлі еңсемді.
Тағдыр тезі телміртіп тербегенде,
Өмір сырын ұққандаймын енді-енді.

«Ла иллаһа иллалла» деп басымды идім,
Жүрегіме иманның нәрін жидым.
Құран ұстап, намазға жығылғалы,
Мұсылманға жат қылықтың бәрін тидым.

Зікір айттым Раббыма, тәпсі тарттым,
Әр сүреден Әбірар жолын таптым.
«Мұнафық пен мүшіріктен сақташы» деп,
Келер күннің сауабына Үміт арттым.

Нәби, Асфия – мирасқор болған жырақ,
Сан сауабын Алламнан алған сұрап.
Мұқаррайбн – тақуалығы, ғибадаты,
Әулиеліктің шыңында жаққан шырақ.

Нәпсіңді ти, ей, пендем, шамаң барда,
Сауап жиған адамда арман бар ма?
«Тәуекел» деп тас жұтам, су кешемін,
Жүрегімде Иман мен Аллам барда!

Риза болсаң Алланың сол сыйына,
Қаһарынан қорықсаң қылма зина.
Қасиетті Рамазаннан құр қалмай,
Аузыңды ти, отыз күн сауап жина…

2 пікір

Kan
Алһамдулла. Иманың әлсіремесін. Шындығы сол өлең сәл ақсап тұр.
yesbolat83
Жақсы жазылған, маған ұнады.
Әбірар
деген не?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.