Ниетім жоқ дүниеге таласуға

Ниетім жоқ дүниеге таласуға,
Һарамдармен бірге ауыз жаласуға.
Қайғысыз қантсыз қара шәйімді ішіп,
Қара нанды қайнатсам да қара суға.

«Көкелер» көп қалтасында қанағат жоқ,
Ауызында Алласына салауат жоқ.
Ақша үшін арын сатып жүргендерге,
Көзді жұмып, таңырқама, жамағат көп.

Көңілдесті жүргендер көп серік етіп,
Сыра, шарап, арақты жерік етіп.
Адалдықты арамдықтан айыра алмай,
Заман қайда барады кері кетіп?

Қиындықтан көп пенде түңіледі,
Бар мейрімі «шайтансуға» төгіледі.
Сүттей ұйып отырған шаңырақтың,
Бір-ақ сәтте көбесі сөгіледі.

Шайтан сөзге иланады күнделеді,
Жеңіл жүріс көк атты түнделеді.
Сыра ішіп, секеңдеп биін билеп,
Қу нәпсінің құлы боп күнде өледі.

Құныққандар құлқыны қыл жұтады,
Сол қылына қақалып қылқынады.
Ердің жасын ерттеп мінген ағалардың,
Иманының жоқтығы қынжылтады.

Ауызында Аллас бар әрбір пенде,
Көз алдынан түрілер һарам перде.
Намаз оқып, сәждеге басын исе,
Күнәсінен тазарып шығар демде.

Мешітке бар, дұға қыл, жұма сайын,
Сонда туар оңыңнан Күн мен Айың.
Өмір тақтаң өлшеулі, соны ұмытпа,
Жанұяңның жылуын сақта, айым.

4 пікір

Kan
Жасың нешеде өсиет айтқан бабам. Өлең емес қара сөз ғой мынауыңыз
sultan_yerkebulan
Сынау мақсат емес, бірақ ойымды айтайын Қайреке, оқыған кісіге қатты әсер ететініне күмәнім бар, жаттанды,әр ауызда айтылып жүрген жәй ғана сөздер,үгіт алғысы келетін адамға бұлар жеткіліксіз сияқты, адамның өзіне де байланысты әрине, бұл менің пікірім, бастысы ниетіңіз түзу екен, Алла Тағала разы болсын
ARDANA
Сын түзелсе, мін түзеледі. Ауызекі айтылған дүние ғой…
yesbolat83
Тәуір-ақ жазылған. Жеке өзіме ұнады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.