Үзілген үміт

Тұрмысқа шықты деген хабар келді,
Жүрек жерде жаншылып қала берді.
Шарасыз қос жанардан мөлдіреген,
Тарам-тарам тамшылар аға берді…

Күлкіңменен боялған шұғылам тек,
Жылылау құшағыңа жылынам кеп.
Көз айырмас арманнан айырылып,
Ойлаппын ба қапияда жығылам деп…

Саябақта қол ұстасып екеуміз,
Болашақты қате өлшеген екенбіз.
Бүгін міне тұрмысқа шықты, кетті,
Кеше ғана мен сендікпін деген қыз.

Ой електе іркіліп сұрақ қалды,
Кешегі өткен жарқын сәт жұбатпады.
«Еркімнен тыс алып қашты, алайда,
Сені ғана сүйем»-деп жылат тағы.

Өксік қысып жүрегім қан жылады,
Шертілген сыр, армандар қалды бәрі.
Санам жасып,әлеміңнен кете алмай,
Одан әрі өзегімді жандырады.

Маған деген сезімнің сыры мәлім,
Опасыз,әділетсіз соны ұғамын.
Армандаған болашақ адастырып,
Қайда әкетіп барады құбыла мың.

Дала кезіп, жұлдыздармен сырласа,
Баяғыдай сәндемедім жырды аса.
Махаббаттың азабы сонда екен,
Үшінші адам бақытыңды ұрласа.

Жүрек дертін маздатқан бір от па едің?
Күйіп-жанып қол сермедім көкке мың.
Көз бұлдырап, ернімді тістеп тұрып.
Шарасыздан, амалсыздан қош дедім.

Айна алдында бозарған жүдеу кескін,
Арманы едің айықпас бұл елестің.
Барған жерде еңсе түзеп, ел ақтап,
Ашылуына бағыңның тілеулеспін.

Тұрмысқа шықты деген хабар келді,
Жүрек жерде жаншылып қала берді.
Шарасыз қос жанардан мөлдіреген,
Тарам-тарам тамшылар аға берді…

14 пікір

Korkem
Махаббаттың азабы сонда екен,
Үшінші адам бақытыңды ұрласа.
zhomart
ее быҒатишка тема ғой))) әлгі ананы айтасыңба :-)))
maulen
Үзілген үміттен үздіксіз жас тамар,
Біткен жоқ мұнымен жаңадан басталар.
Алмасып өтеді, сүйерсің басқаны,
Өткеннен елес боп мөп-мөлдір жас қалар. Қаймықпа және өлеңін керемет!
didi0393
Unady. Iwtegi sezimdi jetkize bildi. Mades)))
sultan_yerkebulan
Рахмет ұнағанына!!!
qyrmyzy
Алып кетпедіңіз бе қызыңызды???
sultan_yerkebulan
Болары болып бояуы сіңді дегендей, кеш қой(
zhomart
әлгі қыз күйеуге кетті ма, расымен?
yesbolat83
Қкзір бұрынғы уақыт емес қой, ұят болады, қайтып келген қыз жаман деген сөздерден қаймығатын. Бұл жерде қыздың махаббатқа деген антын бұзғандығы. Ол үшін еңсеңді түсірме. Аллаһ қаламады қосылмадыңдар. Негізі, соған лайық болса ғана осыншама күйге түсуге болады. Ол қыз өз дәрменсіздігімен сенің көз жасыңа лайық емес.
Кешірім өтінем, бұл менің пікірім ғана.
sultan_yerkebulan
Аллаһ қаламады қосылмадыңдар
дұрыс айтасыз Есеке.
Karakulov
Айтаберде жақсы өзгерістер, жаңалықтар болып жатыр екен ғой. Жарайсыңдар, қанатты қалам иелері, керемет туындыларың үшін рахмет!
olen sozdin patwasi dep beker aitpagan.keremet jurekke oi salatin olen.ouinnin uwi talmasin.
Korkem
eerkinuly қош келдіңіз! :)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.