Қалай ойлайсыздар?

Әріптестер, достар!
Менің қолыма жазасын өтеу орнында отырған бір замандасымнан өлеңі бар, әңгімесі бар 5 қалың дәптері түсті (жеткізілді расын айтқанда). Оның бір дәптері толған күнделік екен. Ол ақын емес, жазушы емес. Бірақ, өте әсерлі жазылған екен. Соны осы жерде жарияласам қайтеді? Қалай ойлайсыздар?

8 пікір

eclipse9
Өзіме ұнады деген бір дүниесін жария етші қаламының қаншалықты ұшталғанын көрелік! Ұнаса өзінен өіз…
yesbolat83
Ардана, менің ойымша досыңның өзі Айтаберге тіркеліп, жариялағаны дұрыс. Қолданушылармен пікірін алмасады дегендей.
ARDANA
Бұл ойың да дұрыс. Ол қазір басқа қалады тұрып жатыр. Оған хабарласып көрейін
m170785
Ардана Есекең дұрыс айтады, өзі тіркеліп жазғаны жақсы ғой, өзінің жазғаны өзі әсерлі етіп түсінікті етіп жазады. Біреудің жазғаны, ол біреудің жазғаны Ардана. Іштегі мұңын, ойын, тұнып тұрған іштегі шимай шатпағы болса әсерлетіп, өзі жазғаны дұрыс Ардана. Сондықтан өзіне беріп, өзі келіп, тіркеліп, танысып, өзі жазған дұрыс қой қанша дегенмен. Мысалға мен ішімдегі шимай шатпағымды жырымды жазайын, оны сізге берейін, оны түсінбей сіз жазсаңыз, кейбірулері түсінер, басқалары көпшілігі түсінер қоймас, оны өзім түсіндіріп жазуым мүмкін, електен өткізіп ел ұғынатын.
Kan
ЗОНАДА ОТЫРГАН АДАМ КАЛАЙ АЙТАБЕРЛІККЕ КОСЫЛАДЫ
Kan
жариялағанның дұрыс. олда адам баласы емес пе. соншалықты шектетудің қажеті жоқ
yesbolat83
Ондай жерде отырған болса, түрме бастығымен сөйлесіп, бар ниетін айтар болса, мекемесінің мерейі үшін қуана-қуана келісер мүмкін. Яғни, ол жерде де интернетке кіру мүмкіндігі бар дегенім ғой. Тәрбиелік мәні бар жазбалар бар болса, абыройлары асқақтайды емеспе ол мекеменің.
ARDANA
Әрине, айтқандарыңа толық қосыламын. Оған хабар жеткіземін. Сонан соң жауабын жазармын осы блогқа.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.