ҚАЗАҚ

ҚАЗАҚ

Мен баяғыда…
Он бірінші ғасырдың аяғында… туыппын,
Атағын атан көтермес атамның жолын қуыппын.
Қасарысқан қас жауға қарсы шауып қасқырдай,
Қасқалдақтай қанымен қылышымды жуыппын!

Бесті асауға бел артып, бес қаруды асынып,
Бес-алты күндік жерлерге бір күнде жетіп асығып.
Жаһаннамға жөнелткем жанын жауыз жауымның,
Аттандаған дауысымды алты қырдан асырып!

Ерлігіме сүйсінген жасап ойын-тойды жұрт,
Туғалы құрық тимеген ту биені сойдырып,
Бабалар бата беріпті: «Аруағыңды асыр – деп –
Ойпаң жерді қыр қылып, қырат жерді ой қылып!»

Бәрі әлі есімде… бөрідей түн қатқаным,
Тәттілігін сезімнің тұңғыш рет татқаным.
Ауыл итін шулатып, алып қашып аулаққа,
Бұраң белді бауырыма ап,
Бұрымын иіскеп жатқаным…

Сол кез кірді түсіме: тілімді құр тістедім,
Бұрынғы өмір өң еді, бүгінгі өмір түс…дедім.
Айтпадым не, айттым не, айналдым ғой аңызға…
Қазір кіммін, қандаймын?! Оһ, ол кезде күшті едім!!!

Мен баяғыда, он бірінші ғасырдың аяғында…
Ай, өткінші өмір-ай!..

P.S. Бәлкім, бұл түс: Арыстандары адамның
айналуға жақын деп заманның зәрлі шаянына
Абылай хан атамның Алашқа айтқан аяны ма?!
…Ақырзаман таяды ма?..

Алмас ТЕМІРБАЙ

6 пікір

maulen
Керемет, Қазақ елі қазірде осал емес қой! тек қазіргі кезде елді найзаның ұшымен емес, білімнің күшімен қорғайтын кез ғой!
aika
Қазаққа білектің күші де керек!!! Қазақтын намысын олимпиадада қорғайтын!
didi0393
ték olimpiadada emes, omirdede asirese jigittterdin bilekti kuwti bolgany jaksygoi.kazir bilekti jigitter sirep baramaa .??! Birak kazaktar tauelsizdigin algan jas memleket,alga karai umtylmasa,artka wegine koimas.
Orxantai
Жанашыр болындар бауырлыр…
Kan
Бұраң белді бауырыма ап,
Бұрымын иіскеп жатқаным…"
Не дейді Құдайау…
eclipse9
Алмас Темірбайдың мына өлеңі Мұхтар Мағауиннің "Қасқыр-Бөрісін" есіме түсірді! Сіздерге соны тауып, оқыпшығыңыздар дер едім! Сонда мына өлеңді тереңірек түсінер едіңіздер! Қазақы қалпымызда қалғыларыңыз келсе ертеңге қалдырмаңыздар, өтініш, себебі ертең ерін тістеп қалуымыз мүмкін… Ертеңге ерік бермей, бүгін бастаңыздар!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.