Ұмытам көздің жасы арқарай төгер несін...?

Қасымда күліп жүріп, сенбедім шаққаныңа,

Сен неге күйе жақтың сезімдей аққа мына.

Бар кінәм сүйгенім бе, салардай қақпаныңа,

Осылай кесір тиді ататын ақ таңыма!

Тамаша қасиеттер жетеді бойыңда мың,

Сендегі сұлулықты мен сөзсіз мойындадым.

Сезімнің емес, бірақ татыртың сойыл дәмін,

Сол еске түскен сайын орнайды ойымда мұң!

Істеген істеріңе сен кеттің күліп, қанып,

Мендегі жүрегіме орнатып бүлікті анық.

Сезімнен қан ағыздың білдіртпей тіліп барып,

Артынша жер қаптырдың аяқтан іліп қалып.

Осылай жел өтінде қалдырдың сезімімді,

Содан соң сені ойлаған сәттердің кезі мұңды.

Сонда да күтуменен тауысып төзімімді,

Түн менен арпалысып амалсыз көз ілінді.

Сенен соң мендегі анау сезімім тек өлмесін,

Ал саған бар айтарым бақытың бөгелмесін.

Мені қойш сыға-сыға жанарым көгергесін,

Ұмытам, көздің жасы арқарай төгер несін!!!

2 пікір

eerkinuly
Шыда, шыда!
Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға…
(Мұқағали Мақатаев)
sultan_yerkebulan
Жақсы жазылған екен, маған ұнады!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.