Жан күйзелісі

Өмір кейде лас-қоқысқа толғандай.
Жан дүнием тоң кисеңде тоңғандай.
Жүрек жүдеп, көңіл кеміп сор бағып
Жігер,қуат бәрі бітіп солғандай.

Тас төбеңнен темір бізбен ойғандай.
Үйіп акеп, мың бір пәле салғандай.
Есеңкіреп, есің кетіп мәңгіріп
Күй кешесің, жапанда жалғыз қалғандай.

Жаз келседе жадырамай жанымыз.
Мәнсіздікке толып кетті маңымыз.
Ақымақтық шошытқансоң, шоп етіп
Мәңгілікке кетті ме екен, бағымыз.

Қараменен бойялғандай ағымыз.
Жөнделмеске қирағандай тағымыз.
Лас батпаққа белден төмен батырып,
Қолын былғап кетті-ау жастық шағымыз.

Алыс, күрес шаршатады жаныңды.
Жаны ашып, кім сұрайды халіңді?
Өз-өзіңді керек етпей жүргенде,
Өзге келіп тазаламас арыңды.

Кем дүние кемтарлықпен көмгендей.
Тәнім солғын, ішкі жарық сөнгендей.
Қателіктің қамалына қамалып,
Мен емесау, мендегі өмір өлгендей.

3 пікір

Korkem
Түһ, жек көремін осындай кері тартар өлеңді. Сәл көңілдірек бірнарсе жазыңдаршиш
Jako
Негізі Кан мырза бұрынғы жазғандарына қарағанда оптимист.Адамның тоқырауға, күйзеліске кезігетін уақыттары болады, сондай кезде адам өлеңді өзі жеңілдеу үшін өзіне ғана жазатын кезі болады.Менің түсінігімде бұл сондай өлең.Ал сапасы, кісі ондай кезде сапасына емес ойындағысын жазып жеңілдеуге ғана мән береді.Кан мырзаны бір нәрсе қатты ренжіткен-ау.
Kan
Жоқ мен бір кісілерді қатты ренжітіп алған едім Жако мырза. Оңбай тұрып қателескен едім сол кезде. Түсінгеніңзге рахмет.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.