Өмір

Өмір қиын!
Болашақты ойламасаң,
Қызықты қуаласаң,
Білім іздеп,
Миыңды суармасаң,
Ақылыңа ақыл қосып,
Білмегеніңді біреуден сұрамасаң.

Өмір оңай!
Ауырды жеңіл қылсаң.
Білім-ілім деп,
Ғылымның соңынан қусаң.
Денің сау тұрғанда,
Өнерді еңбек қылсаң.
Сәл нәрсеге жыламасаң,
Биік шыңнан құласаңда,
Қиналмай-ақ қайта тұрсаң.

Өмір бақыт!
Жан-ұйяң бақыт болса саған.
Қасыңда болса, жарың және балаң.
Жаның тыныш,
Болса бәрі дін аман,
Не керек бұдан басқа саған.

Өмір сынақ!
Сынақтан өте білсең.
Түзеу жолмен жүрсең.
Ішіңдегі нәпсіңді жеңсен.
Бақта отырып,
Бақ гүлін терсең.
Ақыр соңы өлеріңді білсең.

Өмір өлім!
Бәрі келіп кеткесін.
Есіңде болсын!
Сенде бір пендесін.
Құдайдан нәр алған,
Бір тамшыдан жаралған.

5 пікір

Jako
Ұнады, ой бар.
Kan
Рзп оқығандай күй кештім. Қызық құралған екен. Мағналы және ерекше өлең екен.
duman
Тамаша,ұйқас емес мағнаны маңызды ете білген!
AKA
Рэп қой, ритммен оқыса тамаша екен. Ұнады!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.