Аянның алғашқы махаббаты.Әңгіме

Күн мұншалық суық болар ма.Мынау бір көз аштырмайтын аяз жақсылық емес-ау тәйірі.
Ех Ләйләш, Ләйләш(шын аты Ләйлә, еркелетіп айтқан түрі)сеніңде осылай суығаныңба? Мүмкін емес.Қалайша бір күннің ішінде тез-ақ бәрі біте салғаныма? Ақылға қонымсыз.
Осындай терең ойдың құшағында, Аян буланған терезеге Ләйлә деп қалай жазғанында аңғармай қалды.
Таңертеңгісін оянғанда, басы мең-зең болып тұрған-ды.Түнімен көз ілмей шықса, басы құрғыр қалай ауырмасын? Жуынып шайынып, тәбеті болмаса да, шәй-пәй ішкен болып үйінен шыққан, оқуына.Ал ендігі отырысы міне,35-ші автобустың сонай төріндегі терезе жағында.Көзінің ісіп, білінер білінбес қызарғанына қарап ақ, оның мазасы болмай тұрғанын аңғару қиын емес-ті.
Өзі жаурап тұр.
Терезеден айналаға қарайды, төңірек у-шу.Зуылдаған автокөліктер, жанталасқан адамдар.Әйтеуір асығып жүрген біреулер.
Қиялдап отырып ойлайды, осы адамдардың біреуі де болсын, кешегі Ләйләш екеуінің ренжісіп, сөзге керісіп қалғанын білер ме еді.Сонда айтар еді ғой, шіркін ай! Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін.Ойға салшы.
Бір сәт, болмағансоң сол адамдардың арасынан да іздейді ғашығын.Тым болмаса көмірдей қара бұйраланған шашын,қасы көзі қосылған тартымды жанарын жылт еткізіп көріп қалсам күнә болмас еді-ау, депте қояды.
Тек қана елес қуып қалғаны да.Бар жоғы солма? Неткен аянышты, неткен бейшара көрініс.Мына сиқы қашқан түрі біртүрлі жараспайды ақ екен өзіне.Әйтпесе алдынан қарама қарсы өткен неше түрлі қыздың бәрі де бір көріп, және өтіп кеткен соңда артынан Аянға бұрылып және қарайтын.Жалпы реңді жігіттердің қатарынан еді.
Ал ендігі мына сиқына жол болсын?
Кенет аялдамадан қутыңдаған жүзі таныс жігіт мінді автобусқа.Тым көңілді.Жан жағын түгел көзімен сүзіп шықты да, сонау артта отырған группалас досы Аянды көріп қалды білем.Жылтың адамдарға тән күлкімен, досының жанына бір нәрседен құр қалғандай жетіп келіп:
-Қалайсың?,-деп қол созды.
Сол сәт ойланып отырған Аян назарын досына аударып, күлкісі келмеседе, жәй жымыйып қана:
-Жақсы,-деп амандаса салып, жанындағы бос орындыққа қойған сөмкесін алдына алып та үлгерді.
Еркін сол орындыққа отырып жатып:
-Сабақтан кешікпеуші едің, екінші парға келе жатқаның мынау бір жаңалыққой.
Шыны керек осы сөзінде,өзінде дәл қазір жақтырар емес.Жайшылықта болса Аян мына группалас досымен шүйіркелесе қалуға кет әрі емес-ті.Сонда да ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейтін әдетітіне басып:
— Ия, не жаңалық?,-деп,қайта досына сұрақ қойды.
-Тыныш.
Қайтадан терезе жаққа қарап қойып енді Аян өзіне өзі түсінер емес түге.Қай жақтан жетіп келе қалғанын,өзіндегі бір беймәлім сезімдеріне тіпті де түсіне алмады.
Айналып келіп қайтадан Ләйләшті ойлай береді екен де.Шіркін ай! Есінен шығып кетер ме еді.Әлде аяғына барып жығылама?.. кешір мені деп.Бірақ ол қолынан келе қоймас.Жоқ ұмытуы керек.Әйтпесе қиын. Әй,қайдам бірақ,үш айдан бері әбден бауыр басып та кетіп еді.Соңғы кездерінде тіпті, күн құрғатпай көрмесе шыдай алмай кететін халге де жетіп еді.Қандай күші барын, Ләйләш еркелеп қиылғанда, Аян тіпті далбасалап,өз ғашығының алдында ұялып, сөйлей де алмай қалған кездері де болмай қалған жоқ.Рас Ләйләшті шын сүйіп қалам деп еш ойламады ол кездерде.Жай ғана ұнатамын деп,өзін-өзі алдап қана қоятын.
Жан адамға айтпады Ләйләш жайлы.Үндемей тынатын.Өзі сондай әдеті.Тіпті жақсы дос болуға жарап қалған мына қасындағы Еркінге де жақ ашпады Ләйләш жайлы.Әй,өзінде түсіну қиын.
Бәлкім бұл махаббатпа? Әлгі өзінің кітабында оқыған, кинодан көретін сол махаббат деген құдіретті күш пе екен әлде? Рас алдындары махаббат дегенге әсте сенбейтін, мойындағасы келмейтін, тіпті күлкісі де келетін.Сол кезде, түбі менің де басыма түседі ау деп, мүлде ойламаған да болу керекқой бұл бәтшағар.Ия бұл оның өміріндегі алғашқы махаббаты еді.
Ал енді мәселе басқа, жағдай қиын.
Арада біраз үнсіздік орнады білем.
-Кеше керемет отырыс болды.Атмосферасы күшті.Түннің бір уағына дейін сонда боламын деп ұйқым қанбады,-деп Еркін бір есінеп алды да,- болды бітті,іздеп жүрген қиялымдағы аруды таптым,-деп сөзін жалғады аса салмақты үнмен.
Менің бұл сөзіме таң қалады деп ойлап еді досы, Аян тіпті дұрыс болыптығой да демеді оған.Сонда да бір түртіп қойып:
-Естимісің досым, мен ғашық сияқтымын… Ия, ия күлме.Кеше отырыста,-бас бармағын көрсетіп,-мынау деген қызбен таныстым.Танысу былай тұрсын…
Және өзінің қатты толқығанда, немесе шын берілгенде қолданатын сөздерін қосып қойып:
-Елестетіп көрші, әп-әдемі қыз, екі-жүз грам қызыл шарапты тартып жібереді де, менімен жапыса билейді.Жанып тұрған жүзімен, ып-ыстық демімен менің мойнымды қытықтай береді,қытықтай береді.Менде қарап қалмадым,әлгі қызды мас болғансоң қолтықтап алдым да,қараңғы бөлмеге тайып тұрдым.
Жетісіпсің.Қыздың ішкенінде абырой қылып айтып тұрсыңба? Оданда үндемесең етті.Мас қызға не істейтінің белгілі ғой.Жоқ, мен қыздың ішкеніне сене алмайтын секілдімін.Дені дұрыс қыз ішпес еді, соның ішінде қазақ қызы.Күмәнім бар.Мен білсем, ол қызда емес ау.Құдай біледі өзіңнен бес-алты жас үлкен артистка әйел болуы керекқой ол.Жаңылыстың ау бауырым, деп ойлап қойды Аян.
Әй бірақ, осы досымен таныс болған үш жылдың ішінде, ол талай қызды қан қақсатты емеспе.Әлгі анау есіңдеме сары шашты қыздың іші қалай үлкейіп кеткені.
Ия, ия, бәрі кешегідей көз алдында.Екеуі бірлесіп қыздарға жолығуға барғандағы досының өзгеріп қоя беретіні.Ол кезде, өмірде Еркіннен асқан мәдениетті кісі жоқ,өтірікші кісі де жоқ болады.Ұялмай, беті бүлк етпей қыздарға қарап:
-Сабақтан шыққан соң, міндетті түрде кітапханаға соғуым керек… Обет па?.. жоқ, обеттен гөрі, кітап оқу маңыздырақ,- деп қоятын еді,қиылып.
Аян енді, қолындағы ұялы телефонына үңіліп отырған досына бір қарап қойып:
-Сөйтіп нағыз дон жуан болдым де,-деп үнсіздікті бөлді.
Досы бұл сөзге аса мән бермеді білем.Тіпті тыңдамай да қалды ау, кешегі отырыста бірге болған әлгі қызымен агент арқылы жазысып отырса қалай тыңдасын?
Және сәл үзілістен кейін досы:
-Ия, кеше жол болды.
Осылардың ақ жолы болғыш.Мен болсам Ләйләшты ойлап жанымды қоярға жер таппай отырсам, мұның отырысы міне,-деп ойлап жатып, Еркінге бір қарап қойды да,-телефонына кіріп кетіп ыржың-ыржың етіп отырғаны мынау.Ау, сонда бұл қалай болғаны.Әділеттікке жатама? Құдай біледі мынау Еркінің дәл мендей ешкімді сүйе алмас,ғашықпын дейді ғой тағы.Күмәнім бар.
Оқушыдан үлкен кешірім өтінеміз.Ләйләнің кім екенін айтпаппызғой.Ия ол Аянның жақсы ақ араласа бастаған қызы,һәм ғашығы тұғын.Тіпті керек болса мәңгі бірге боламыз деп, уәде де байласқан екеуі.Шыны керек, кезінде бұлда Аянды сүйді, рас кейде іздейтін сағынып.Тіпті кейде түннің бір уағына дейін, жатақхана алдында бірін-бірі қимай ұзақ құшақтасып тұратын қос ғашықтар.
Ал кешегі қылығы тым қызбалық болды.Аянды бекер сөкті.Үш айдан бергі жинап жүрген махаббат сезімдерін бекерге шашты.Тым тез қабылданған шешім болып еді де.Артынан өзі өкініп қалмаса игі еді.
Аянда пенде ғой, бір бойжеткенге жай ғана қызыққан.(Бәлкім телефон арқылы сөйлескенде болуы мүмкін)Ия жай ғана қызыққан, тек жай-ға-на! Пендеғой енді, перішті көкте ғана! және Ләйлә бұл ісін біле қойып қатты ренжіген, налыған.Қызғаныш десем дұрыс болар бәлкім.Ия қызғанған, артынанша күдіктенген.Кейін айрылысамын деп шешкен, және солай істеген де.Бір өлең жолдары бар тұғын Аян қазір жиі ойлап жүрген «Махабаттардың қашанда,Қызғаныш жеткен түбіне», дегендей болды.
Ең өкініштісі Аянда ешқандай жаман ойда, арам пиғылда болмады.Ол тек шын берілді Ләйләға.Шын сүйді, кеш болсада.Ал ендігі Ләйлә соны біле алмай, түсіне алмай арманда кетпес еді, егер мына сәт болмағанда.
Досы Аянға, телефонындағы бір суретті көрсетіп жатып:
-Міне кешегі менің танысқан жаным Ләйлә,-дей салғаны
Сол сәт жаурап тұрған Аянға,үстінен шелекпен мұздай су құйып жібергендей әсер етті білем.Денесі қалшылдап, тітіркенгендей.Телефон ұстаған қолы дірілдегендей еді де.Суреттегі бойжеткен Ләйләш болғанда,қолы құрғыр қалай дірілдемесін?
-Сдуденттер қалашығы, түсеміз тез-тез, боламыз тез,-деген кондуктр әйелдің ащы дауысы шықты кенет.
Телефонын алып, Еркін ендігі орнынан көтерілді де, алға жылжыды.Тек досының беймарал, тіпті сол отырған жерінде қаққан қазықтай мелшиіп қалғанына түсінбей қалды да:
-Кеттік,-дей салды.Ойында ешнәрсе жоқ.
-Сатқын,-деп Аян білінер білінбес мыңқылдайды.Бағанадан бері көзі алдындағы бір нысанға қадалып қалған.
Сол сәт Еркін енді байқады білем.Қандай күш итермелегенін, кенет терезе жаққа көзі түсіп еді, буланған тұсқа Ләйлә деп анық жазылған саусақтың ізін көрді.Аянға бір, жазуға бір, телефондағы суретке бір қарап қойды да, тез-тез басып автобустан түсіп қалды.Есік жабылды.
Аян әле сол нысанға қарап отыр.Сірә ол нысаны, алдындағы мата орындықтың жыртық тұсы болуы керек.

10 пікір

yesbolat83
Қандай керемет әңгіме. Махаббатқа деген жауапсыздығы Ләйләнің, ренжісіп қалған екен, ертесіне басқа жігітпен таныспақ түгілі басқа да әрекеттерге бару деген өте сорақылық емеспе. Аянды аяп кеттім.
Рахмет, басқа да шығармаларыңды оқуға жассын.
pernebekova96
ияя Аянға қатты жанам ашып тұр! Тамаша жазылған
Bieke
Жақсы жазылған шығарма, Оқып өзім сол болған жайтқа еніп кетіпте үлгердім, Әсерлі шыққан!
ilya
Мақтағаныңызға қуанып, төбем көкке екі елі жетпей қалды.Рахмет.
Delfina
Аянның өзі тежеулеу болған ғой соған қарағанда. Үнсіз қалатын әдеті бар деп жазып өткен. Студент қыздар пысық, өжет балдарды ұнатады ғой.
Kan
Ай қыздар ай кереметсіңдерау. Жақсы жазыпсың егер өзің жазған болсаң
didi0393
kyzdy janyndai suietin bolsa nyagyp Baska kyzga jai gana bolsada NEGE KYZYGADY EKEEN?
Sol bayagi tipichnyi «love story» goi.
didi0393
barin ozi buldirip ap ,ozin «jertva» korsetvatkany vaweee nereal'no Ayannyn::!?
jigitindiisss
okyp otyryp kudai biledi kazir erkinnin erkesi lila bolady au dep edim ozumde obal birak jigitke chert bolgan jaraspidy goi
m170785
Ләйлім мен Мәжнүннің оқиғасына сәл келетін сияқты
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.